Қамқоршылық кеңестің жұмысы туралы есеп
«Абай колледжі» КММ-де қамқоршылық кеңесінің жоспарына сәйкес ұйымдастыру отырысы, шараларды өткізуге көмек көрсету, колледждің материалдық- техникалық базасын күшейту сұрақтары, жасалған жұмыстар бойынша қорытынды отырыстар жүргізілді.
2019-2020 оқу жылының ұйымдастыру отырысында қамқоршылық кеңесінің құрамы бекітілді, оның ережелерімен таныстырылды, қамқоршылық кеңесінің жоспары қарастырылып бекітуге ұсынылды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері колледждің материалдық-техникалық базасымен таныстырылды.
Жыл бойы колледждің қамқоршылық кеңесінің жоспарына сәйкес мынадай шаралар өткізілді: «Адамдарға жақсылық ет» атты қайырымдылық акциясы (колледждегі әлеуметтік тұрмысы төмен балаларға азық-түлік және киімдер беру) ұйымдастырылды, мамыр айларында студенттер үшін аудандық мұражайына экскурсия ұйымдастырылды; колледждің жетім студенттеріне асханада 3 реттік тегін ыстық тамақ беріледі, студенттерге рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында колледжде «Қарттарды құрметтейік» қайырымдылық акциясы өткізілді. Колледж студенттері және кураторлары Ұлы Отан Соғысының ардагері Теміров Мұғалхан атаны және Чернобыль ардагері- Берлешов Қайырхан ағаны Ұлы Жеңіс күнімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті; I-курс студенттері жалғыз басты аталар мен апаларға әр-түрлі тағамдар таратып, шаруашылық жұмыстарына көмек көрсетті.
Оқу жылының аяғында Қамқоршылық кеңесінің жұмысы қорытындыланып, ұсыныстар айтылды.










