Қамқоршылық кеңес пен колледждің кәсіподақ ұйымы қызметкерлері балаларының Жаңа жылдық шыршасы.

«Жарқыра, шаттық шыршасы!» атты жаңа жылдық шыршасы өтті. Жаңа жылдық шараға колледж ұжымы мүшелері арнайы қатысып, студенттер мен балаларды жаңа жылдық мерекесімен құттықтап, жаңа жыл – әр баланың жыл бойы асыға күтетін мерекелерінің бірі екендігін атап өтіп, ыстық лебіздерін білдірді.

Шырша шамын жағуға жиналған оқушылар Аяз ата мен Ақшақарды ерекше қуанышпен қарсы алып, түрлі қойылымдағы ән мен би өнерін тамашалады.

Семей мәдениет үйінің қызметкерлері түрлі анимациялық бейнелердің киімін киіп, көтеріңкі көңіл-күймен жаңа жылды қарсы алған бүлдіршіндерді ертегілер еліне саяхаттатты.

Колледж кәсіподақ ұйымы мен Қамқоршылық кеңес қызметкерлерінің барлық балаларына жаңа жылдық мерекесіне арналған сыйлықтар табысталды. Сонымен бірге, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың, оның ішінде төсек тартып жатқан балалардын отбасына барып жаңа жылдық көңіл-күй сыйлап, балаларға түрлі сыйлықтар сыйлады.

Шара соңында көңіл күйлері шаттыққа толы балалар мен ата-аналары өз ризашылықтарын білдіріп, жүрекжарды лебіздерін жеткізді.