Рухани келісім-қоғамның басты құндылығы. Тақыбында кездесу

«Абай колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Рухани келісім-қоғамның басты құндылығы» тақырыбында оқытушылар және студенттермен Абай облысы дін мәселерін зертеу орталығының теолог маманы Ботаханов Мақсат Дүйсенбекұлымен кездесу өткізілді.


Мүсіндеуді, сурет (қарындашпен, бояулармен) салуды пайдалану – агрессияны және жиналып қалған теріс эмоцияны қайтарудың қауіпсіз және әлеуметтік қолайлы тәсілі.

Психикалық денсаулық күнінде колледж психологы Жанар Малғажықызының ұйымдастыруымен 1 курс студенттері арасында шығармашылыққа негізделген арт-терапия түрінде психологиялық сабақ өткізді.


17.03.2022 жылы “Абай колледжі» КММ-де психолог Ш.Ә.Бекбатырованың ұйымдастыруымен  «Терроризм және діни экстремизмнің алдын алу»  тақырыбында кездесу  өткізілді.

Кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы  А. Бакирова, аудандық Құнанбай қажы атындағы орталық мешіттің бас имамы Б.Самырбаев және АПБ ЖПҚБ КТІ УПИ  полиция аға лейтенанты Ұ.Ғаниев қонақ ретінде шақырылып, студенттерге «экстремизм», «терроризм» терминдеріне түсінік беріліп, Қазақстан республикасындағы лаңкестікпен күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы саяси ахуал жайлы, мемлекеттің ең өзекті мәселесі-халықтың, әсіресе жастардың діни сауаттылығының төмендігі, оның себептері, алдын алу шаралары, оған қолданылып жатқан шаралар туралы әңгімелеп берді. Соңынан колледж директоры Р.А.Жумаксанов қорытынды сөз сөйлеп, келген қонақтарға алғысын білдірді.


«Абай колледжі»КММ –де 13 қазан 2021ж   психолог Ш.Ә.Бекбатырованың ұйымдастыруымен «Мен және менің ұжымы» атты педагог мамандармен тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – ұжымдағы психологиялық ахуалды нығайту, педагогтардың эмоционалды көңіл-күйін тұрақтарнырып, ұжымда белсенді жұмыс жасауына қолайлы жағдайлар қалыптастыру.

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деп атам қазақ айтқандай, әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп,бос уақыттарында немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізері сөзсіз.

Құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Абай аудандық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер жөніндегі инспекторы Ғаниев Ұлан Мұхитұлы колледж студенттерімен кездесу өткізді.

Колледж психологі Ш.Ә.Бекбатырова «Мен зорлық-зомбылыққа қарсымын» тақырыбында студенттермен кездесу өткізді.

«Абай колледжі» КММ – де  педагог-психолог Ш.Ә.Бекбатырованың ұйымдастыруымен ата-аналар арасында «Суицид және оның алдын алу» тақырыбыда тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты –қазіргі таңда етек алып отырған жастардың құқық бұзушылық пен суицидке бейімділігінің алдын алу жолындағы ата-ана мен педагогтардың бірлесіп жұмыс атқаруының маңызын айқындап көрсету.

Жасөспірімдеоді буллинг пен кибербуллингтен қорғау және алдын алу мақсатында колледж психологі Бекбатырова Шәрбану Әлібекқызы студенттер арасында  түсіндіру жұмыстарын өткізді.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша кәсіптік білім беру колледждері 2022-2023 оқу жылына студенттерді қабылдауға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бағытында мобильді топ өз жұмысын бастап кетті.