Ашық сабақ .

Адамзаттың ғаламдық мәселелері

Мекеме: «Абай колледжі» КММ

Күні  06.10.2021ж

Мұғалімнің аты-жөні: Ногатаев Ержан Токтамысович

 

Сабақ  тақырыбы: 

Дамушы елдердегі ғаламдық мәселелер

Тобы: 1-курс

Қатысқандар саны:  9 студент

Қатыспағандар саны.

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

 

Адамзаттың дамуындағы мәселелерін топтастыру.

Дамушы елдердегі мәселелерді анықтау    

3 зерттеу тақырыбына сәйкес аудандастыру әдістерін қолданады

 

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:  Дамушы елдердегі ғаламдық мәселелердің өлшемдерін анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі:  Дамушы елдердегі ғаламдық мәселелердің себептері мен салдарын анықтап, топтастырады..

Кейбір оқушылар:   Дамушы елдердегі ғаламдық мәселелердің аймақтық көрінісіне баға береді.

Бағалау критерийлері:

(жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)

Дүниежүзі бойынша ғаламдық мәселелердің түрлері бойынша аумақтарды анықтайды және талдау жасайды;

Дүниежүзі кескін картасына ғаламдық мәселелердің түрлері бойынша аумақтардың таралуын белгілейді;

Тілдік мақсаттар

Оқылым–айтылым:Тақырып бойынша өз ойларын айтып дәлелдейді

Тыңдалым – жазылым: Әрбір топ тапсырмаларын ортаға салып талқылайды.

Ғаламдық мәселелер тақырыбы бойынша, басты ерекшеліктерін дәптерлеріне жазып алады.

Пән бойынша сөздер мен терминдер: Ғаламдық проблема, қышқыл жаңбыр, парникті газдар, ононның жұқаруы, ядролық қыс, милитаризм, конверсия, ноосфера, климаттың жылынуы

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясындағы «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» құндылығын насихаттай отырып, оқушылардың дамушы елдердегі ғаламдық мәселелерге деген  ерекше қызығушылығын арттыру.

Өзгелердің көзқарасына  құрметпен қарау: Оқушыларды бір – бірін тындай білуге, бірлесіп жұмыс жасауға, сыйлауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Тарих- Халықаралық  ұйымдардың шығу тарихын біледі.

Құқық- ұйымдардың қызмет көрсету заңдарын қарастыру.

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Ғаламдық проблемалардың түрлері, критерийлері, себеп-салдарын біледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

Жоспарлан-ған уақыт

Жоспарланған  жаттығулар

Ресурстар

Басталуы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу. Сыныпта жақсы көңіл – күй орнату үшін «Арқаға жазылған комплименттер» атты  әдісті пайдаланып:

Оқушылар қима қағаздарды алып,бір–біріне жақсы лебізін жеткізіп, қолдарындағы қима қағаздарды сыйлық ретінде береді. Осы  арқылы білім алушылар   4 топқа  топтасып отырады.

1 – топ  Дамыған елдер.

2 –топ  Дамып келе жатқан елдер

3 – топ Дамымаған елдер

 

Алдыңғы білімді еске түсіру.

«Ақылды доп» әдісі бойынша,  допды лақтыру арқылы оқушыны сұраққа жылдам, әрі тұжырымды ойлап жауап береді.

 Сұрақ:Сіздер үшін қандай идея маңызды болды? Осы видео фильмде көрсетілген идеяларды қандай аймақтарда қолдануға болады?

Оқушылар экологиялық проблема туындаған елдер немесе аумақтарды атауы мүмкін. Осы арқылы Ғаламдық проблемалардың аумақтық көріністерін талқылап сабақтың тақырыбын, мақсатын ашады.

 Мұғалім аумақтық көріністерінің бірі Қырым түбегі мәселесін атап, түсіндіріп кетеді.

Ғаламдық проблеманың аумақтық көріністерінің бірі Қырым түбегі мәселесі бола алады ма?

 Оқушының жауаптарына қарай  ынталандырып отыру.

 

 

Жаһандық мәселелер. Жерді сақтау.

Сұрақ-жауап.

 

 

 

Ортасы

28 мин

 

Білу, түсіну

 

 

 

 

 

 

 

Талдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолдану

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жинақтау

Сабақтың тақырыбын ашу үшін

 Тапсырма 1. «Еркін талқылау әдісі» бойынша оқушылар топта жұмыс жасайды.Әр бір топ ғаламдық проблеманың біреуін таңдап аумақтық көрінісін төмендегі жоспар бойынша  зерттейді.

Зерттеу жоспары:

  1. Ғаламдық мәселе атауы
  2. Ең үлкен аумақтық көріністері ( аумақ, ел)
  3. Себептері
  4. Салдары
  5. Қазіргі  жағдайына баға беру
  6. Шешу жолын ұсыну

 

Ғаламдық проблемалар:

  1. экологиялық
  2. демографиялық
  3. шикізат және энергетикалық
  4. бейбітшілік және қарусыздандыру
  5. азық-түлік
  6. артта қалған елдердің мәселесі
  7. дүниежүзілік мұхитты пайдалану
  8. ғарышты игеру

Топтар өз зерттеулерін сынып алдында қорғайды.

Бағалау:

Дескриптор:- Дүниежүзі бойынша ғаламдық проблеманың түрлері бойынша аумақтарды анықтайды ;

-   Себептері мен салдарын талдайды;

-    Қазіргі  жағдайына баға береді;

-    Шешу жолын ұсынады;

Дүниежүзі кескін картасына ғаламдық проблеманың түрлері бойынша аумақтардың таралуын белгілейді;

 

 

Тапсырма 2.

«Менің ойымша..»  әдісі Төмендегі фотосуретті пайдаланып сұрақтарға жауап жазыңыз.

1-сурет

1.1.      1-суреттен сіз таңдаған ғаламдық мәселе қандай? Неге таңдадыңыз?

1.2.      Осы ғаламдық проблеманың аумақтық көрінісін талдаңыз.

1.3.      Таралу аймағын кескін картада белгілеңіз.

Бағалау дискрипторы:

-          Ғаламдық проблеманы атайды және түсіндіреді;

-          Ғаламдық проблеманың аумақтық көрінісін талдайды;

Кескін картада ғаламдық проблеманың амақтық таралу көрінісін дұрыс  белгілейді;

ҚБ.  «Бас бармақ » әдісіарқылы өзара бағалау

 

3-тапсырма

«Фишбоун» әдісі:Қосымша материалдардв пайдаланып,өз қалауларың бойынша төменде келтірген елдердің біріндегі демографиялық және азық- түлік мәселелерін шешу жобасын жасап, жобаларды қорғап шығыңдар:

1.      Үндістан

2.      Сомали

3.      Гаити

ҚБ.  «Сэндвич» әдісіарқылы өзара бағалау

 

Презентация

суреттер

 

 

Дүниежүзінің саяси картасы

 

Мәтін бойынша ресурстар

 

.

 

 

 

 

Қима қағаздар

 

 

 

 

 

 

 

Сурет плакат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сұрақ-жауап

 

 

 

 

 

 

 

 

Планшеттер

Плакаттар

Дүниежүзінің саяси картасы

 

Аяқталуы

5 мин

 

Кері байланыс.  Рефлексия пирамидасы

 

Есте сақтау керек бір маңызды мәлімет ……….....

Менің көбірек білгім келген екі мәлімет ………....

Мен білген үш мәлімет ……………………….........

Мен үйренген төрт мәлімет .....................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша ақпарат

 

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Сабақ барысында саралап оқыта отырып, оқушының білімге деген құштарлығы  мен  қарқынына негізделген,  оқудың спиральді

қағидатын негізге алып оңайдан күрделіге бағытталған  тапсырмалар құрастырдым.

1. Негізгі тапсырмаларды түсіндіруде құрдастарының қолдауын қажет ететін  оқушылар «Еркін талқылау» әдісіндебір- бірінің пікірін тыңдап,өз ойын толықтырып Дүниежүзілік  шаруашылықтың  субъектілерінанықтайды.

2. Қосымша тапсырмаларда көп күш жұмсауды талап ететін, берілген тапсырманы жете орындай алатын  оқушылар  «Менің ойымша..»әдісінде жеке жұмыс жасап, оқушылар берілген сөздер мен терминдерді ажыратып ,пайда болу себебін түсіндіреді, картамен жұмыс жасайды.

3. Басқаларына қарағанда қосымша материалдарды пайдалана білетін қабілетті аса қарқынды оқушылар  «Фишбоун» әдісі арқылыөз қалауларың бойынша төменде келтірген елдердің біріндегі демографиялық және азық- түлік мәселелерін шешу жобасын жасап, жобаларды қорғап шығады.

 

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын – ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді.  Сабақ барысындаәр тапсырмадан кейін қалыптасушы бағалау жүріп отырады.

Қалыптасушы  бағалау бойынша оқушының күтілетін  нәтижеге қол  жеткізуі,  тиімді түрде алға ілгерілеуі  үшін  қолайлы  жағдай жасаймын.

Топтық жұмыста оқушылар  бір-бірін«Бас бармақ»әдісі арқылы бағалайды.

Оқушылар жеке жұмысты орындауда  «Сендвич»«өте  жақсы»  «керемет» « жақсы»    арқылы бағалаймын.

Қабілеті жоғары оқушылардың жауаптарын смайликтер арқылы бағалаймын.

«Рефлексия пирамидасы» әдісі арқылы  оқушылармен кері байланыс жасаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.

Оқушыларға жағымды, ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру, қауіпсіздік ережелерін орындауын бақылауда ұстау. АКТ тиімділігін пайдалану, құндылықтарға баулу

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

 

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?

1.

2.