Аудандық тілдер бөлімі ұйымдастырған «Сәтті жарнама» айлығы аясында. Колледж кітапханасында «Тіл тірек» кітап көрмесі қойылып, «Қазақ тіліндегі жарнама» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.

   

 

Колледж кітапханашысы Шеризатқызы Жанна «Тіл тірек» кітап көрмесін таныстырғанда әр кітапқа тоқталып, авторы кім не туралы жазылған, жазғандағы мақсаты қандай, оқырманға берері не? - деген  көкейінде туындайтын көп сұраққа толық көлемде мағұлымат беріп. Қойылған көрменің маңызын аша отырып, кітапты көп оқуға шақырды.

 

   

  

«Жарнамадағы тілдік қателер» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамада: Бүгінгі күні қазақ тілінің  қоғамда алатын орны, оның мәртебесін арттыру және қолданыс аясын кеңейту мәселесіне келгенде тағы бір ерекше назар аударатын жайт - қазақ тілінің көрнекі ақпарат пен жарнама тілі ретінде қолданылуы.  Жасыратыны жоқ, бұл салада қазақ тілі – қосалқы тіл, аударма тіл. Қазіргі таңда ақпарат құралдарының қай-қайсысында болмасын қазақ тілінде  берілетін жарнаманың 99 %-ы  өзге тілден, оның ішінде орыс тілінен тәржімаланатын аударма мәтін екендігі шындық екеніне тоқталып.

Көптеген жарнамаларда «К» әрпінің көлеңкесінде «Қ» тұрғанын сөздің мағынасынан бірден байқайсын. «Ү» дыбысы «У» дыбысының кейпіне еніуі.«Ң», «Ғ» әріптерінің орнына «Н» мен «Г», «Ө» әріпінің орнына «О»әріппі, «І» нің орнына  «Ы» , «Ә»ның орнына «А» жүруі заңды құбылыс сияқты болып көрінеді.Түптеп келгенде бәр қате Өз ана тілімізге тән төл дыбыстардан кетеді. Бұл дегеніміз тек жарнама мәтіндеріндегі сауаттылықты ғана емес, көліктердегі ауызша хабарламардың, әлеуметтік желілердегі аудио- және бейнежазбалардың да сауаттылығына да аса көңіл бөлуіміз қажет. Себебі қала көліктеріндегі қазақ тілінің мәртебесіне және тілдік заңдылығына қайшы келетін ауызша хабарламалардың  қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылығына сәйкес дыбысталмай жатқан жағдайлар да кездеседі.  Сонымен қатар бүгінгі күні орыс орфоэпиясымен айтылып жүрген орыс тілі арқылы енген шеттілдік сөздер жаңа емле бойынша  қазақ тілінің дыбыстық әуезіне сәйкес игеріліп жазылып және айталатын болса, шеттелдік сөздердің жазылым мен айтылым нормалары да қатар меңгертілу керек. Осы тұста «жұмыла көтерген жүк жеңіл болады» демекші , жарнамадағы қателіктерді жою мәселесіне  үлес қосу әр қазақстандықтың міндетті деп ойлаймын.Бүгінгі күнде жарнаманың көбі орысшадан қазақшаға аударылатындықтан тіл тазалығын сақтау мақсатында осы заңға  бір бап енгізілсе немесе жарнама толықтай қазақ тілінде жазылып, сонан соң басқа тілге аударылса, эфирде берілетін жарнаманың пайызын азайтса, сауатсыз жарнамаланған тауарлар немесе қызметтерге  айыппұлдың құнын көбейтсе, «Тіл сақшысы» секілді бағдарламалардың саны артса нұр үстіне нұр болар еді.Өкінішке орай, бүгінгі таңда бұл бағдарлама өз жұмысын аяқтады. Көптеген қатені ашқан бағдарламаның не себепті жабылғандығы белгісіз. Алайда, қазақ қоғамында енді мұндай бағдарламаның болу-болмауы екі талай екендігіне көзім жетеді. «Қалың елім қазағым,қайран жұртым. Ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың»- деп Ұлы Абай атамыз қазақ қоғамының осындай күйге жететіндігін біліп айтса керек. Менде өз кезегімде: «Ұсынар болсаң жарнама, ана тілін қорлама!»-дегім келеді деп өз баяндамасын аяқтады. Тәрбие сағатынның соңында тілге байланысты мақал мәтелден тренг өткізді. 

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса .....   жарады.
  2. Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі ...... біл.
  3. Ине көзінен сынады, ..... сөзінен сынады.
  4. Халық үшін өзге тілде сөйлеу .....  емес,

 Өзге тілде ойлау қауіпті.

  1. Тіл ұлттың сүйенетін ....... , сыйнатын тәңірі.
  2. Құлақтан кірген .... , Жүрекке барып мұз болар.
  3. Бас кеспек болса да, ... кеспек жоқ.
  4. ..... жүйрік емес, ой жүйрік.
  5. Тіл ақылдың  -  ......  .
  6. Өз тілің – бірлік үшін, өзге тілің - ..... үшін. Өз кезегінде аудандық тілдер бөлімінің бастығы Оразалин Елдар Кәменұлы. Колледж кітапханашысы Шеризатқызы Жаннаны аудандық кітапханада өтетін тілдер айлығын қортындылау кешіне қоңақ ретінде шақырып. Тіл жанашыры ретінде «Сәтті жарнама» айлығына белсене қатысқаны үшін «Алғыс хат» пен бағалы сыйлықпен марапаттады.
   

 

 

Кітапханашы: Шеризатқызы Жанна