Кеңес Одағының батыры, қаhарман қолбасшы, жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 110 жыл толуына орай «Халықтың  біртуар перзенті» атты кітапханалық тәрбие сағатымен кітап көрмесі ұйымдастырылды.

 

 

Қадіріңді білмеппіз ғой,тірі күнде,

Деп жылар сорлы қазақ мен өлгенде.

Ұрпақ атар 80 мен 100-дігімді,

Тарихтың түпкірінен сөз келгенде.

1947 жыл 6 желтоқсан.

1910 жылы 24 – желтоқсанда Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Көлбастау  ауылында дүниеге келген. 1929 жылы «Әулие ата» тоғыз  жылдық  мектебін  бітірген. 1932 жылы әскерге шақырылғаннан кейін Отан алдындағы борышын өтейді. 1933 жылыполктік мектепті бітіреді. 1934 жылы әскерден келгенде запастағы командир болады. 1936 жылы Қызыл Армия қатарына командир ретінде қайта шақырылады. 1940 жылы Украинаның Житомир қаласындағы 202-арнаулы танкке қарсы шауылдайтын дивизияның командирі болып тағайындалады.1941 жылдың қаңтарында тәжірибелі сардар Алматыға қайтарылады.1941 жылдың күзінен басталған Мәскеуді қорғау шайқасына қатысады. 1942 жылдың тамызынан бастап Панфиловшылар дивизиясына командир болады.1942 жылдың қазанында Бауыржан подполковник шенін алады. 1945 жылдың 21-қаңтарында Бауыржан Момышұлы Бірінші Балтық жағалауы фронтының 6-гвардиялық, 9-гвардиялық атқыштар дивизиясының командирі болып тағайындалады. 1945 жылдың ақпаны мен наурызында Латвия жеріндегі Приекуле станциясы маңында болған шайқаста дивизияны басқарады.

1946 жылы К.Е.Ворошилов атындағы әскери академиясының бірінші дәрежелі Суворов Жоғарғы орденімен марапатталады. 1948 жылы Генералдық штабтың әскери академиясын аяқтады. 1950 жылдан бастап «Тыл және Кеңес Армиясын қамтамасыз ету» әскери академиясында аға оқытушы. 1955 жылдың желтоқсанынан бастап запастағы полковник.  1982 жылы 10 маусымда Алматыда дүниеден өтті. Алматы қаласындағы Кеңсай зиратына жерленген.

Алған марапаттары: 1942 жылы 6 маусымда «Қызыл ту»орденімен; 1944 жылы 6 маусымда «Мәскеуді қорғағаны үшін» медалімен; 1945 жылы шілдеде 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды.   1970 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен. КСРО Президентінің 1990 жылғы 11 желтоқсандағы жарлығымен Б.Момышұлына 1941-1945 жылдары соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен Қаhармандығы үшін  «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді (медаль №11637). 2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды.

 

   

Бибіжамал Мұқанқызы Момышкеліні – Бауыржаннан екі жас кіші, ақсары, сұлу. Бибіжамал Мұқанқызынан тұңғыш баласы Бақытжан Момышұлы дүниеге келді.

Коркина Клавдия Григорьевна – опера театрының әртісі, сыған қызы. Бұл кісіден Елена Бауыржанқызы дүниеге келді (16.09.1947 жылғы)

Бахытжамал Қалибековна – шет тілдер институтының аспиранты, 13 жыл бірге болды.

Бақытжан Момышұлы – Бауыржан Момышұлының ұлы.

Зейнеп Ахметова Бауыржанкеліні (1945 жыл, 18 қаңтарда туған) – келіні, Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. Қайын атасы туралы мемуар кітаптар мен мақалалар жазады.

Романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналды. Олар бірнеше қайта басылып шығарылды. Ал «Қанатты сөздері» жас ұрпақты отаның, елің, жерің сүюге тәрбиелеуде ерекше үлгі бола бермек.

Бауыржан соғыс уақытында:  «Серігім», «Жазушыға», «Қалыбек аға», «Біреулерге», «Омарбекке», «Жардың мұңы», «Ғ-ға», «Ана тілін ардақта», 

«Досыма», «Толғау» атты өлеңдер жазған.

«Офицердің күнделігі», «Бір түннің тарихы»,

«Біздің семья» «Ұшқанұя», «Мәскеу үшін шайқас»,

«Жауынгердің тұлғасы», «Майдан», «Майдандағы кездесулер»,

«Генерал Панфилов»,  «Төлеген Тоқтаров»,«Куба әсерлері»,

«Адам қайраты», «Елбасына күн туса», 

«Психология войны» атты еңбектері жарық көрді.

Бауыржан туралы: 1967 жыл «За нами Москва», Режисеері: Мәжит Бегалин, Бауыржан Момышұлын сомдаған:Кәукен Кенжетаев. 2010 жыл- Қазақтың Бауыржаны (Деректі фильм) Қазақфильм.Қалила Нематұлы Омаров. 2013 жыл – Бауыржан Момышұлы (телесериал) Режисеері: Ақан Сатаев. Ақиқат пен аңыз - авторы Әзілхан Нұршайықов. Волоколамск тас жолы – авторы Александр Бек. Восхождение к отцу – авторы Бақытжан Момышұлы. Во имя отца– авторы Бақытжан Момышұлы. Сыновья великого волка–авторы Бақытжан Момышұлы Шуақты күндер – авторы Зейнеп Ахметова. Бабалар аманаты – автор Зейнеп Ахметова.

 

 

Бауыржан Момышұлының аты берілген нысандар: Алматы, Тараз, Атырау, Семей қалалары және Жамбыл облысы Аса селосындағы көшеге батырдың аты берілді. Астана қаласында: Бауыржан Момышұлы даңғылы. Жамбыл облысында: Бауыржан Момышұлы ауданы, ауылы, ауылдық округі бар. №45 қазақ классикалық гимназиясына  Бауыржан Момышұлы есімі берілген және мектептің алдында бюсті орнатылған. Тараз қаласында: Бауыржан Момышұлы атындағы Жеңіс саябағы. Шымкент қаласы: Бауыржан Момышұлы даңғылы. №42 әскери  мектеп интернаты және Алматы №131 әскери мектеп интернаттары батырдың есімі мен аталады. Шымкент қаласындағы ҚР Ішкі Істер министрлігі ғимараты мен Астана қаласында Бауыржан Момышұлы ескерткіші орнатылған.

Кубаға сапары: Бауыржан Момышұлы 1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне барады. Сапар барысында Куба басшысы Фидель Кастромен кездесудің реті келмейді, бірақ інісі Рауль Кастромен кездесіп, ол кісіге үлкен әсер қалдырады, Куба әскерлерінің алдында дәріс оқиды. Кубаға барған саяхаты жайында «Куба әсерлері» атты кітап жазады. Бауыржан Момышұлы Фидель Кастро мен Эрнесто Че Гевараның үлгі тұтқан тұлғасы болғаны.


 

 

Бауыржан Момышұлының жастарды патротизімге тәрбиелейтін қанатты сөздері мен кітаптары қойылған  көрме таныстырылды. Әлем әдебиетінен өз орның алып, қазақ әдебиетінде жастарды тәрбиелеу мақсатында айшықты із қалдырды. Жастарды тәрбиелеу әдісінің патриоттық тұлғасы Бауыржан. Ол майданда да, әдебиетте де мәңгілік батыр болып қала бермек. «Отаңды сүйіңдер, оны қорғандар, оған қызмет еттіңдер!» - деп ұрпағына үндеу қалдырған Батыр тұлғасы ұрпақтан ұрпаққа өнеге бола бермек.

Кітапханашы: Шеризатқызы Жанна