Колледж кітапханашысының ұйымдастыруымен «Жасөспірім және қылмыс», «Діни сауаттылық имандылық тәрбиесі» тақырыбында Абай аудандық ІІБ жергілікті полиция бастығы Ерқанат Ержанұлы мен Құнанбай қажы мешітінің бас имамы Болат Самырбай қатысуымен кездесу өтті.
![]() |
![]() |
Студенттердің құқықтың сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. Діни сауаттылық арқылы имандылыққа тәрбиелеу.
ІІБ жергілікті полиция бастығы әрбір қылмыстық жауапкершілікке тоқтала отырып, «Құқықбұзушылық» тақырыбында дәріс оқыды, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Құнанбай қажы» орталық мешітінің бас имамы Болат Самырбай:
«Ел боламын десең,бесігінді түзе» деген нақыл сөз өміршеңдігін жойған емес. Абай атамыздың өзі «Қорқамын кейінгі жас балалардан»-деп алысты болжай білген бе дейміз. Қазақстанның болашағы жарқын болуы үшін жастарымыз тәрбиелі болғаны абзал. Абай хакімнің сөзімен айтсақ, «Адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады». Адамгершілік мінез байлығы болмаса,өмірдің мәні бола ма?! Сондықтан жастарға айтарымыз, абыройлы бол, қоршаған ортаңды қадірле, өз ортаңды сыйла, қатарынның алды болуға ұмтыл, өмір ағымына ілес, ізден, үйрен! Сонда ғана дүниенің кетігін тауып, бір кірпіш болып қаланасың. Ынсап, рақым, ар, ұят, сабыр, сақтық деген алты шарттан алшақтамасақ игі. Ал кейінгіге өнеге айту, ізгі ұрпақ ретінде тәрбиелеу ересектер үшін үлкен сын. Сондықтанда да, тектілер өскен елдің ұрпағы болғандықтан да, жастардың оғаш қылықтарын көргенде міндетті түрде тоқтап, ескерту жасау мүмкіндігінше шара қолдану ләзім болмақ. Немқұрайлылық ештеңе әпермейді. «Жамандықтан қайтарып, жақсылыққа шақыру-әр мұсылман үшін парыз» делінеді деп хадистен мысал келтіріп, өз сөзін аяқтады.
Қорта айтқанда, қазіргі таңдағы арзан жұмыс күші болып саналатын бала еңбегін түбегейлі жою мен ата-аналардың, балалардың құқықтық сауаттылығын көтеру кезек күттірмейтін мәселе болғандықтан мұғалімдер және ата-аналарға бірлікте жұмыс жүргізу ұсынылды.
«Ұл тәрбиелесен, жер иесін тәрбиелейсің», «Қыз тәрбиелесең, ұлт тәрбиелейсін» - деген екен дана халқымыз. Осы қағиданы берік ұстанып ұрпақ тәрбиесіне ерекше мәң беруіміз керек.
Кітапханашы: Шеризатқызы Жанна









