Жидебай қорығы – тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық, экологиялық аймақ. Жидебай Еуразия материгінің орталы ғы, нақ ортасы болып есептеледі.

Мемлекет қамқорлығына алыңған. Қорық құрамына Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай үйі, Абай, Зере, Ұлжан, Оспан және Шәкәрім, Ахат, Құдайберді, Ғабитхан молда, Шәукен бай, Еркежан зираттары т.б тарихи-мәдени ескерткіштер кешені енген. Мұражай дәлізден, ас үйден, қоңақжайдан, Абайдың жұмыс бөлмесінен, Ділдәнің, Әйгерім мен Еркежанның отауынан, соғым сүрлейтін шошаладан, лапастан, екі себеттен тұрады.

 

   

 

Әр бөлмеге Абайдың өзі өлкетану мұражайына өткізген экспонаттармен қоса, сол үйге тікелей қатысты заттар орналасқан. Ақынның көзі тірісіндегі жиhаз-мүліктер, Ділдә мен Еркежанның жасаулары, саят құралдары, жиған кітаптары, тоғыз құмалақ тақтасы,ақынның қойын сағаты мен тісқабы, жазу үстелі мен орындықтары, ат әбзелдері, сондай-ақ өзге де тұрмыстық-этнографиялық мемориалдық мұралар қойылған.

 

   
   

 

Абай – Шәкәрім кесенесі сол сағым-теңіздің үстінде үлкен бір ой құшағында қалықтап тұрған, ойдың алып кемесі сияқты әсер етеді. Кесенелердің келбеті мұнара тәрізді, бір-бірінен пластикалық қасбетімен және күмбездерінің қалай біткендігімен ерекшеленеді. Абай мұнарасының биіктігі 38,5 метр, ал Шәкәрім мұнарасының биіктігі 37 метр. Кесененің іргетасының ұзындығы-200 метр. Көлдеңінен (ені)-65 метр, биіктігі- метр. Қабірлер арасы – 140 метр. Бұл – қазір әлемде үлкендігі жағынан бірінші орында тұрған алып космостық құрылыс. Жер бетінде мұның ауқымындағы ескерткіш-зират жоқ. Осының бәрін өз көздерімен көрген студенттердің әсері ерекше болды. Тарихи-мәдени орындарға әдеби танымдық саяхат сабақтың арқасында  Абайды танып білуге деген қызығушылықтары оянып. М.О.Әуезов жазған «Абай жолы» 4 томдық тарихи роман-эпопеясын өздері ғана  оқып  қоймай, жастар арасында кітап оқуға, соның ішінде Абайды оқуды насихаттайтын болып  тарасты. Саяхат сабақтың да мақсаты осы болатын.

 

Кітапханашы: Шеризатқызы Жанна