|
Абайдың қара сөзі жазылған мәрмәр тас бағаналар. |
Сырт Қасқабұлақтағы киелі Абай бұлағы. |
|
Сырт Қасқабұлақтағы мемориалды кешен. |
«Туғанда дүние есігін ашады өлең» стелла. |
Абай бұлағы - Абай дүниеге келген жердегі бұлақ. Үлкен Қасқабұлақ, Кіші Қасқабұлақ, Сырт Қасқабұлақ деп бөлінеді. Бертін келе жер атаулары «Абай бұлағы», Абайдың Қасқабұлағы деп атала бастады. Ащысу өзеніне құятын Абай бұлағының басында Абай ауылы жаз, күз мезгілдерінде қоныс теуіп отырған. Осы бұлақ басында ақынның «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай...» деген өлеңдері жазылған. Студенттеріміз Сырт Қасқабұлақта бой көтерген мемориалды кешенді тамашалай жүріп киелі бұлаққа апарар жолдағы Абай атамыздың қара сөздері жазылған тас бағаналармен танысты. Киелі бұлақтың суынан дәм татты. Ақын туған жердің қасиетіне бас иіп, өлеңдерін жатқа оқудан сайыс өткізді.











