Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына байланысты тарихи-мәдени орындарға әдеби танымдық  саяхат сабақ ұйымдастырылды.

Студенттер арналған тарихи-мәдени орындарға әдеби танымдық саяхат сабақты заңғар жазушымыз М.О.Әуезовтың туған жері Бөріліден бастадық.

 

Бөріліге барар жолда.

 

Бала Мұхтар стелла.

Бөрілі - заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов туған жер. 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Ондағы М.Әуезов мұражайының алдындағы төбеде  «Мұңлы қоңыр туған анам, туған жерім Бөрілі» деген жазу үлкен тасқа қашалған. Одан бөлек Мұхтардың әкесі мен анасы Омархан Әуезұлы мен анасы Нұржамал Әбдісаматқызына және оларға іргелес жерленген –Қасымбекпен Ғалияның кесенесі бар.

1987 желтоқсан айының 25–нен Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражайының қарамағында.

 

М.Әуезов мұражайы. 

 

Қашалып жазылған үлкен тас.

Мұражай экспозициясы 8 бөлімнен тұратының Мұражайда жалпы саны 1000-ға жуық экспонат жинақталғаны. Жазушының өмірі мен өскен ортасын жан-жақты көрсететін мұрағаттармен танысып, қызықтаумен бірге, ұлы суреткер мұрасы мен өміріне қатысты оқиғалар туралы түсірілген деректі фильмдерді де тамашалады. «Абай жолы» тарихи роман-эпопеясын жазу арқылы Ұлы ақынды әлемге танытқан заңғар жазушының шығармаларынан үзінді оқып, шығармаларының жазылу тарихы туралы пікір талас өткізіп, жазушы шығармаларындағы тарихи жерлер туралы мағұлымат алмасты.

 

Кітапханашы:   Шеризатқызы Жанна