Тәрбие сабағы.
Сабақтың тақырыбы: Трактордын алғашқы техникалық күтімі және тех-қауіпсіздігі.
Сабақтың білімділік мақсаты: Студенттеріміздің назарын және таңдаған мамандықтарының маңыздылығына аудару, өз жұмыстарына қызығушылығын ояту. Мамандық бойынша білімдерін нақтылау, кеңейту, салауатты өмір салтына қатысты кәсіби әңгімелір жүргізу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың бойындағы кәсіби дағдылар туралы білімін кеңейту және олардың қалыптасуына жәрдемдесу, өз ара қарым-қатынасшыл қасиеттерін дамытуға бір-біріне қолғабыс жасау, шығармашылық ойымен ойлатуға дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру,ізденімпаздық қасиеттерін дамыту,өз мамандығына деген құрметті,жауапкершілікті сезінуге үйрету,еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ойын түрінде,топтық жұмыс, ойын элементтерімен жарыс.
Топ жетекшісінің сәлемдесуі,тәрбие сағатының тақырыбы, мақсат-міндеттерімен,өту барысымен, сарапшылармен таныстыру.
«Ситуациялық жағдай» туры.
1.Осы «Абай колледжін» бітірген соң өзін көлік жөндеу мекемесіне орналастыңыз.Дәл осы кезде жүріп жүрген қызынызды машинамен қыдыртпақшы боласыз. Осы кезде жөндеуге сізге ДЖИП автокөлігі келеді. Оны кешке қызынызға теуіп барасыз,бұл машина осы қыздын әкесінікі болып шығады.Өзіңізді қалай ұстайсыз?
2.Семейге көптен көрмеген, алыстан бір жолдасыңыз келеді,сол досыңызды шығарып салуға сіз өз машинаңызбен жолға шығасыз, Ералы жазығында бір машина бұзылып қалыпты ол машина ішінде аяғы ауыр әйел адам бар екен оны тез арада Қарауылға жеткізу керек, бірақ досынызбен қоштасуға поезға үлгеруініз керек. Осы жағдайдағы әрекетіңіз.
3.Курстас досын үйленеді, сіз көлік теуіп жүргеніңізге қарамастан достарын сізге шарап ішуге шақырады. Сіздің жауабыңыз?
- «Викторина» туры.
- Қарауылда бұрылыстың неше түрі бар?
- Машина солға бұрылып жүргенде қай дөңгелегі айналмайды,
- Машинанын температурасын ұстап тұратын құрылғы.
- Оталдыратын құрылғы.
- Тоқ беретін құрылғы.
- Көліктің қай бөлігіне қарап түрі мен маркасын анықтаймыз.
- 1904 жылы француз көліктерін шетелге шығарушы мен қарапайым слесарь-жөндеуші кездесіп, бүкіл әлемге әйгілі ең үздік көлік түрін шығарады. Сол көлік осы әйгілі екі кісінің есімдері берілді.
- «Даймлер» фирмасының басшысы Эмиль Елишек Вильгельм Майбах атты көлік шығарушымен қосылып жасаған көлікті өзінің қызының құрметіне атаған.
Үлгілі көлік жөндеушінің анты:
- Мен басқа көлік жөндегенде немқұрайлы жасай салмаймын.
- Бұзылған ақаулары шықса хабарлап тез ауыстыруна ықпал жасаймын.
- Қолымдағы құрал-саймандарыма мұқият қараймын.
- Көліктің техникалық жағдайые үнемі қадағалап отырамын.
- Жолда ерекше назармен жүремін.
- Көліктерінің дөңгелегі нешар болса тез ауыстыруна қажет екенің айтамын.
- Жолда көмекке мұқтаж болғандарға көмек көрсетемін.
- Жұмыс барысында өзіме және қасымдағы досыма тех-қауіпсіздікті әрқашан сақтауға дағдыланамыз.
Арнайы пән мұғалімі: Ногатаев Ержан Токтамысович.







