География пәнінің мұғалімі Ногатаев Ержан Токтамысовичтің

 I жарты жылдық бойынша

РЕФЛЕКСИВТІ ЕСЕБІ

 

Білім берудің қазіргі заман талабы-шығармашылықпен жұмыс жасайтын, бәсекеге қабілетті, құзыретті тұлға тәрбиелеу.

Жалпы оқыту- мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзыреттіліктер білім алу үшін оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді.Ал біздер, мұғалімдер, өзіміздің сабақ беруге емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуға тиіспіз. Осыған байланысты оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруда жол ашатын критериалды бағалау болып табылады. Критерийлер-оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі болып табылады. Қорыта келгенде, критериалды бағалау- бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын-ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға ендізілген процесс болып табылады.

География пәнінен сабағымды тиімді, қолжетімді, ең бастысы студенттерге түсінікті болуы үшін 7 модульді ықпалдастыруды жоспарладым. Мұндағы мақсатым-7 модульді ықпалдастыра әрбір сабағымда тиімді ықпалдастыра отырып, сабақтағы білім сапасын көтеру. Өзіме көмек ретінде әрқашан «Мұғалімге арналған нұсқаулықты» қолға аламын. Әрине, бірінші келгенде  топ климаты мен топтың оқу үлгерім деңгейін толық таныс болдым және меңгердім демеймін. Бірақ та, әрбір сабағымда модульдерді тиімді пайдалануды мақсат тұттым. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен пәнге деген қызығушылығын арттыру арқылы сыныпты сыни тұрғыдан ойлауға үйрету-басты міндеттерімнің бірі болды. Ең бастысы, өзім берген білім болашақта оқушының өзінің іс-тәжірибесінде (өмірінде) қолдана ала ма?-деген сұрақ мазалайды.Барлығы оңай болмайды, ең бастысы сабақ мақсатын дұрыс қоя білген мұғалім ғана, күтілетін нәтижеге жете алады. Эмоцияға берілмей, әрқашан оқушылармен бірге сабақ барысын бақылауға тырыстым. Мен үшін әлі күнге дейін оқытуды бағалау модулі өте құрылымы күрделі болып табылады. 7 модульді қалай дұрыс енгізсем, сонымен қатар сабаққа қойылатын дұрыс мақсат пен одан күтілетін нәтижеге де маңызды. Сыныпты барлық сабағымда топқа бөліп оқытамын.

Сабақтың мақсаты мен тақырыбын ашуда «Миға шабуыл»,Ой қозғау», «еркін талқылау»,әдістері арқылы сұрақтар қою барысында маған оқушылардың өз жауаптарын жүйелі жеткізе алмаса да әңгімеге қатысқаны қатты қуантты. Егерде біз осылай үнемі жасап тұрсақ,оқушылар өз пікірлерімен білімдерін дұрыс жеткізуді үйренеді. Миға шабуыл әдісін әрбір сабақта қолданғанда оқушыларды бағдаршам арқылы өзара бағалап отырдым. Білім берудегі оқушының жұмысының нәтижесі есебінде біз оқушыға баға қоямыз, алайда, біз осы күнге дейін көп жағдайды жиынтық бағалауды қолданып келдік те, оқушының өз білімін жетілдіруіне мүмкіндік бере алмадық,оқушы алған бағасы ол үшін білімнің көрсеткіші іспеттес болып қала беретін. Ендігі жағдайда біз оқушыларымыздың білімін шектемей,білім алуына ынталандыру мақсатында формативтік бағалауды көптеп пайдаланғанымыз дұрыс болады деп есептеймін.

Сонымен қатар, тоқсанның аяғында студенттермен бірге облыстық олимпиадасына қатыстық. «Интеллект» білім және ғылым орталығының ұйымдастыруымен колледж студенттері арасында өткен «Ұлы дала баласы» Республикалық пәндік олимпиадасының облыстық кезеңіне 16 – студент  қатысып, «Интеллект» білім және ғылым орталығының директоры Оразақынов А.Қ.   «NurBiLim» ғылыми-әдістемелік орталығының бас директоры Ерғазы Е.Ы. ағаларымыздан берілген тест  тапсырмаларын орындап бірінші орындарға ие болып Дипломдармен марапатталды.

 

Осы олимпиадада функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар көп берілді. Оқушылардың бойынан бір байқағаным, кейбір оқушылар өздігінен іздену мен пайымдауларға, сыни тұрғыдан ойлануға дағдыланған. Қазірге дейін 30-дан астам студент география пәнінен тест тапсырып үлгерді, демек, балалардың пәнге деген қызығушылығы үлкен деген сөз. Әсіресе, жұптаса жұмыс жасап, бірін-бірі оқытып үйретуі үлкен жетістік болды. Алдағы уақытта жоғарыда аталған барлық стратегиялар мен міндеттерімді атқаруға бар күш-жігерімді салатын боламын. «Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған Ұлы дала баласы Республикалық білім сайысына қосқан белсенді әрі нәтижелі үлесі үшін»,  «Құрмет грамотасымен» марапатталдым.