
Адамдық борышың-Халқыңа қызмет қыл.
Ақ жолдан айнымай, Ар сақта, оны біл.
(Шәкәрім)
Клуб туралы. «Абай ұрпақтары» қайырымдылық клубы 2016 жылы «Абай колледжінің» ауылшаруашылық мамандықтары студенттерінің болашақ кәсіби іс-әрекет саласы бойынша, халықтың әлеуметтік қорғау жүйесіне негізделген жастардың ерікті бастамасымен құрылған.
Клуб мақсаты - халықтың әлеуметтік қорғансыз бөлігіне, гуманитарлық қолдау көрсету барысында студенттердің саяси-әлеуметтік мәдениетін және ерікті азаматтық белсенді ұстанымын қалыптастыру.
КЛУБ МІНДЕТТЕРІ:
- «Мейірімділік-жүректен» қайырымдылық акциясы бойынша: мүгедек балаларға олардың ата-аналарына және мүгедектерді қолдау қорларының қайырымдылық шараларын жүзеге асыруға көмектесу;
- «Менің отбасым» қайырымдылық акциясы бойынша: әлеуметтік тұрмысы төмен жайсыз отбасыларына, оралман отбасыларына гуманитарлық қолдау көрсету;
- «Біздің балалар» қайырымдылық акциясы бойынша: жетім балаларға, ата-ана қарауынсыз қалған балаларға әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету;
- «Қарттарға құрмет» қайырымдылық акциясы бойынша: ардагер қарт адамдарға және жалғыз басты қарттарға гуманитарлық-әлеуметтік қолдау жұмыстарын ұйымдастыру;
- Әлеуметтік жауапкершілік еріктілер қозғалысы дәстүрлерін қолдау, дамыту және жалғастыру бойынша әлеуметтің маңызы бар қайырымдылық шараларға қатысу;
- «Балаларды қорғау күні»Халықаралық мерекесіне орай балалар үйінде, мүмкіндігі шекутеулі балаларды сауықтыру орталығында қайырымдылық акциялар ұйымдастыру;
- Демеушілерді тарту және олардың әлеуметтік маңызды идеяларын, қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыруда еріктілер ретінде көмектесу;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес білім беру мекемелерінде, қоғамдық ортада, балаларды толыққанды әлеуметтендіру жұмыстарының жаңа формаларын ұйымдастыру;
- Халықаралық және аймақтық байланысты құру арқылы басқа да қоғамдық (еріктілер) ұйымдарымен бірігіп әлеуметтік маңызды қызметтерді ұйымдастыру.
Еріктілер ретінде клуб мүшелерінің қызметі:
- рухани-адамгершілік (жеке адам ретінде физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық тұрғыда үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін, жетім балалардың өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу және әлеуметтену азаматтық ұстанымын қалыптастыруға жағдайлар жасау);
- әлеуметтік-педагогикалық (мүгедек баласы бар, девиантты мінез-құлықты баласы бар отбасындағы бала рөліне қатысты оның толыққанды өмір сүруіне бағытталып ұйымдастырылған іс-шара)
- идеологиялық-тәрбиелік (қоғамдық ортада балаларды әлеуметтендіру және азаматтық-құқықтық сауаттылығын бекіту, түрліпартриотты-азаматтық бағыттағы акцияларға және шараларға қатысу)
- мәдени-ағартушылық(қоғамдық тәжірибеде қалыптасқан әлеуметтік нормаларын, саяси-мәдени дәстүр құндылықтарын реттейтін еріктілердің әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттерін ұйымдастыру).
- саяси-әлеуметтік (әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарымен бірігіп, әлеуметтік жетім және жайсыз отбасын мемлекеттік қолдау және бала құқығын қорғаумен қамтамасыз ету жұмыс тәжірибесін тарату);
- жарнамалық-насихаттаушылық (еріктілер қозғалысының әлеуметтік маңызды идеяларын қолдау, дамыту әлеуметтік жарнамаларын ұйымдастыру, қоғамға қызмет ету әлеуметтік жауапкершілігін бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау.)
- аниматорлық(балалар үйі, сауықтыру-бейімдеу орталықтары мен демалыс лагерлерінде балалардың мәдени-бос уақытын ұйымдастыру және шығармашылық әлеуетін қолдау).







