«Абай колледжі» КММ-де жастар арасында қылмыстың алдын алуға байланысты «Құқықбұзушылық кеңесі» бекітілген жоспар бойынша  нақты жұмыстар атқарылады.

 

29 жасқа дейінгі жастар арасында ҚҰқықбұзушылық профилактикасы бойынша:

 

 «Абай колледжі» КММ-інде құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесінің жұмыс жоспарының

Мақсаты: Жан-жақты қалыптасып дамыған, қоғамдық белсенділігі артқан, әлеуметтік-толық қамтылған адамгершілікті тұлғаның қалыптасуы

Міндеттері: 1. Жасөспірімнің өмір ағымында  кездесетін қолайсыз жағдайлардың алдын алу және болдырмау.

  1. Жасөспірімнің қиын өмір жағдайларындағы құқығын қорғау және сақтау.
  2. Жасөспірімнің оқу мен тәрбиесіне байланысты мәселелерді шешу үшін отбасыларына көмек көрсету.
  3. Оқушылармен байланыста туындаған дау-дамайды шешу үшін педагогтарға көмек көрсету.
  4. 1,2 курс студенттерінің болашақтарын анықтауына көмек көрсету.
  5. Жасөспірімнің әлуметтік өміріне байланысты туындаған мәселелерге жауапты мемлекеттік, қоғамдық мекемелермен байланысты дамыту және толық жетілдіру мақсатында көптеген іс-шаралар атқарылды. Бүгінгі жас буын - еліміздің ертеңі. Рас, олар қайшылығы мол күрделі кезеңде өмір сүруде. Сол себепті де қоғам жастардан терең білімділікті, мәдениеттілікті, жан-жақтылықты талап етеді. Бұл қасиеттерді бойына сіңіре білген, бойында қазақы тәрбие бар жасөспірімдер жетерлік. Оларды көріп сүйсінесің, ал керісінше жат әдеттерге бой алдырған, қоғамдық орындарда бұзақылықтарға баратын жастарды көріп қынжыласың. Ең бастысы, жастар өз Отанын сүйетін патриот болулары керек. Елбасының әрбір Жолдауы да өскелең буынды отаншылдыққа, еліне деген сүйіспеншілікке, тіліне деген жанашырлыққа тәрбиелеуге үндейді. Биылғы Жолдауында да мемлекет басшысы жастарға үлкен жауапкершілік артып отырғанын сезіндік. Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясының өзі ел ертеңі жастар үшін қабылданып жатыр. Өйткені, жастар – мемлекеттің болашағы. Ал, болашақтың қалыбы бүгіннен басталады. Елбасы осы бастан жастардың келешекте жүрер бағытын анықтап берді.

Тарих, құқықтану пәнінің оқытушысы Көшкінбаев Еркебұланның  ұйымдастыруымен «Жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» және «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті. Кездесуге колледж студенттері, ата аналар,  аудандық ішкі істер бөлімінің  жасөспірімдер ісі жөніндегі полиция инспекторы Ғаниев Ұлан, Кеңгірбай би ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Мұратов Айдос,  аудандық  орталық мешітінің бас имамы Самырбаев Болат, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Алимжанова, психолог Мұратбекқызы А, медбике  Смағұлова Р.  қатысты.    Аудандық ішкі істер бөлімінің  мамандары қазіргі таңда жастар арасында құқық бұзушылықтың жиілеп бара жатқандығын айта келіп, жастарды тәрбиелі, инабатты, ибалы болуға шақырды. Ауданның бас имамы Б.Самырбаев сөз барысында иманды болу ол ұятты арлы әдепті болу. Әдептілік адам бойында турашылдық мінезді, ізеттілік талаптарының бұзылуына қарсы күресетін күш — қайратты қалыптастырумен қатар оның рухани болмысында ұялу сезімін, адамдарға  қайырымдылық, мейірбандылық, шапағат көрсету, қанағатшылдық, өзін басқаның орнына қоя білу мәрттігін, адамдарды жақсы көріп қана қоймай, оларға қызмет көрсету тілегін, кайырлы іс істеу, жамандыққа қарсы ұмтылу қасиетін, құлшынысын, кішіпейілділік, кешірімділік, пәктік сезімін, өзінің ғана емес, басқалардың да тілектерін құрметтеу ізеттілігін, ұқыптылық, тазалық тәртібін шыңдайды дей келе сөзін қорытындылады.

«Жасөспірім және қылмыс», «Діни сауаттылық, имандылық тәрбиесі»

Колледждің Құқық бұзушылықтың алдын-алу Кеңесінің ұйымдастыруымен «Жасөспірім және қылмыс», «Діни сауаттылық,имандылық тәрбиесі» тақырыбында Абай аудандық ІІБ жергілікті полиция бастығы Ерқанат Ержанұлы мен «Құнанбай қажы»  орталық мешітінің бас имамы Самырбаев Болаттың қатысуымен колледждің мәжіліс залында 2020 жылдың 3 қараша күні онлайн форматта кездесу өтті. Кездесуге штаттық режимде оқитын студенттер,  ата-аналар және колледж оқытушылары қатысты.

 Кездесудің мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру және ата-аналардың жауапкершілігін арттыру. Діни сауаттылық арқылы имандылыққа тәрбиелеу.

Колледж директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Алимжанова құқықбұзушылықтарды мысалға ала отырып, студенттерді тәртіп бұзбауға шақырды және ата-аналар балаларға көп көңіл бөлу керектігін айтты.  Кітапханашы Ж.Шеризатқызы студенттермен бірлесе  отырып көкейтесті сұрақтар қоя отырып тақырып бойынша баяндама жасады.

 ІІБ жергілікті полиция бастығы әрбір қылмыстық жауапкершілікке тоқтала отырып, «Құқықбұзушылық» тақырыбында дәріс оқыды, сұрақтарға жауап берді.

Абай аудандық ішкі істер бөлімінің жасөспірімдер ісі жөніңдегі инспекторы Ғаниев Ұлан колледж студенттерімен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында профилактикалық дөңгелек үстел өткізді.

Мақсаты:Студенттердің рухани дамуына жағдай жасау қолдау көрсету.

Міндеттері: Студенттерді құқықтық сауаттылыққа үйрету,елінің патриотты болуға тәрбиелеу және қоғамдық орындарда құқық бұзушылыққа бармауға бағыттау.

 Колледж психологы мен медбикенің ұйымдастыруымен: Нашақорлықтың алдын алуға , «Шылымның зияны» слайд ,«Стрестің алдын алу жолдары»,тест Студентпен тіл табыса білу,өз мінез-құлқын  реттеу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту.Депрессивтілігі жоғары студенттерді анықтау мақсатында мынандай тестер алдым «Суицидиалды ниеттерді зерттеу»,«Суицид-тығырықтан шығар жол емес» слайд,«Суицидтік мінез құлықтың сыртқы белгілері» туралы  кеңес , тағы басқа әдістеме,тренингтерді өткізіп студенттердің жай күйлерін зерттей келе студенттер оқу  үрдісінде  зейінді  басқара  білуі,  тапсырмаларды  тұрақты  орындауы, есте сақтаулары, мұғалімдермен  қарым-қатынасы, берілген тапсырманы  тез орындаулары  байқалды. Студенттерге әсер етудің тиімді әдісі – құқық бұзушылықтың алдын-алу және құқықтық тәрбие жөніндегі комиссияның отырысы. Бұл кездесулерде себепсіз сабақтан қалған, бағалары қанағаттанарлықсыз, тәртіпті бұзған және т.б. студенттерді шақырылады.Топтағы студенттер мәселесіне байланысты әр топ  куратор, мастерлерімен  жұмыстар жасалынды.          Әлеуметтік желінің зияны мен пайдасы туралы » слайд  пікір алмасу сағаты өткізілді . Үрейлену мен стрессті жою тәсілдерін ақпараттандыру бойынша  студентерден  қосымша сауалнамалар алынды.

 «Тұлғаның жалпы эмоциялық бағытын анықтау» «Арттерапияның тұлғаның жан-жақты дамуына  ықпалы» «Эмоционалдық ерік жігерін зерттеу»«Өзіңе көңілің толама» баланы  түсіну үшін ең алдымен оның дамуына  не нәрсенің қажет екенін білуіміз  қажет. Ол кіммен дос, не оқиды, оқығандарын қалай қабылдайтынын әрбір мұғалім білуге тиіс. Осы тақырып  төңірегінде жасөспірімдер арасында  көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіп, нәтижелеріне сүйенсем, тұлғалық дамуында кездесетін сәтсіздіктерге ескерту жасау.Баланың мінез-құлқын қалыптастыруда мадақтау тәсілдерін қолданған тиімді. Бірақ, баланың мінезін жете білмей, артық мақтауға да болмайды . Нәтижесінде баланың бойында  жағымсыз мінез-құлықтар толы болады.   Адамның түскен ортасының ерекшелігі агресивті  әрекеттің жоғары немесе төмен болуына  әсерін тигізеді  Мысалы ауасы  тар, темекінің иісі бар бөлмедегі агресивті әрекет, ауасы  таза бөлмелерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке  басының тәртібіне қатысты болады. Айталық, «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін-өзі ұстай алмағандар агресивті  көрінеді. Егер қандай да бір  қылық көрсеткені үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа , ол өз ыза ашуын ата-ана алдында көрсетпей ішіне сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайда агрессивті қылық көрсетпейтіне кепіл бола алмайды. Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аударту үшін де агрессивті қылық көрсетеді.Сондықтан агрессивті балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс істеуі қажет: ашуды  қолдануға; болатын жағдайларға үйрету. 

 

 Кибербуллинг: балалардың әлеуметтік желідегі қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеміз?

 

 Қазіргі таңдағы аса ауқымды  проблемалы тақрыптың бірі болғандықтан Колледж кураторлары барлық топ студенттерімен арнайы топ сағаттарын, дөңгелек столдар ұйымдастырып өткізіп келеді. Арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады .

  2020 жылғы 1 маусымда балаларды кибербуллинг және өзге зорлық түрлерінен қорғаудың қазақстандық бағдарламасы бекітілді.

Соңғы жылдары сандық технологиялардың дамуы себепті балаларға қатысты зорлық түрлеріне кибербуллинг немесе онлайн қорлау қосылған. Соның кесірінен жасөспірімдер ғаламтордағы белгісіз топтардың құрбанына айналып, тіпті араларында өз-өзіне қол жұмсайтындары да бар.

Кибербуллинг – адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпайды. Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды. Олар баланың қауіпсіздігіне ең бірінші кезекте жауапты адамдар болуы тиіс дейді мамандар. Сондықтан, ата-аналарға балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез-келген өзгерісті бақылау ұсынылды. Қазір Қазақстанда жасөспірімдерді интернет шабуылынан қорғайтын мемлекеттік деңгейдегі бағдарлама мен сайттар жоқтың қасы. Тек safekaznet.kz қызметі арқылы шағымдануға болады. Ондағы мамандар посттың заңсыздығын тексеріп, қажет жағдайда парақшаны бұғаттайды. Былтыр бұл желіге кибербуллингке тап болған 3 жасөспірім арызданған.

Кибербуллингке не үшін бірден назар аудару керек?

  • Қорлап, кемсіту баланы психолигиялық күйзеліске ұшыратады;
  • Жанын ауыртып, суицидке итермелейді;
  • Мінезінің өзгеруіне әкеледі;
  • Ешкім қорлықтың құрбаны болмауы керек;
  • Әркім өзінің ар-намысын аяққа таптатпауға құқылы;
  • Ата-ана мен мұғалімдер мұндай қорлықты байқаса, бірден балаға көмектесуі керек.

Қысым көрген балалардың айрықша белгілері:

  • Мектепке барғысы келмейді;
  • Сабақ оқуға зауқы болмайды және үй тапсырмасын нашар орындайды;
  • Көңіл-күйі түсіп жүреді;
  • Үнемі уайымдайды және өзіне сенімсіз болады;
  • Ешкіммен әңгімелесуге зауқы соқпайды және оқшау жүреді;
  • Қорқып сөйлейді, тамақ ішуге тәбеті тартпайды;
  • Үйден қашып кетуге тырысады;
  • Суицид жасайтынын айтып қорқытады;
  • Түнде дұрыс ұйықтамайды және шошып оянады;
  • Өзіне не болғанын айтудан қорқады;
  • Жиі ақша сұрайды не ұрлық жасайды;
  • Ғаламторды не гаджеттерді қолдануға үрейленеді;
  • Телефонына хабарлама келсе, ашуланады.

Кибербуллингке тап болғанда:

  • Әлеуметтік желіде қысым көрсеткен адамның хабарламасына жауап бермеу;
  • Онымен сөйлесуді тоқтатып, бұғаттау;
  • Әлеуметтік желі әкімшісіне сен туралы жарияланған жазба не суреттерге шағымдану;
  • Күдікті жазбаларды скриншот жасап, ата-ана не ұстаздарға хабар беру керек.