«Абай колледжі» КММ

 

«Ұлы Отан Соғысы»

(Баяндама)

 

2020-2021 оқу жылы

 

Құрметті ардагерлер, ұстаздар мен оқушылар!

 

        Міне тағыда Ұлы Жеңісімізге қол жеткізіп, 9-шы Мамыр жеңіс күнің мерекелік қуаныш пен қарсы алып тұрмыз.Бұл күнді біз сағына күтеміз,Бұл мерекеде,біздің жарқын болашағымыз үшін,өз жандарын қиып. «Отан үшін отқа түскен». Ата - апаларымызды еске алып,сол кісілердің соғыста жасаған ерліктерін,қазіргі бибітшілік заманда болашақ ұрпақтар ұмытпасын деп жыл сайын.Жеңіс тойын бүкіл ел болып тойлаимыз.

       Бұл отан соғысына тоқтала кетсек, 1941жылдың маусым айының 22-сі күні таңғы сағат 4-те Германия фашистері ешқандай соғыс жарияламастан Кеңес Одағына баса көктеп кірді.Бұл Кеңестер Одағына біздің қазақ еліде кіретін.Тарихи деректерге қарағанда 1941-1945соғыс жылдарында 1миллион 196 мың 164 қазақстандық әскерге алынған. Бұл соғыста қазақстандықтардың жасаған ерліктері ерекше аталған. Елімізге,жерімізге жау кіргізбеген, ата-бабаларының  аруақтарына сыйынған, қазақ азаматары қолдарына қару алып  Отан үшін жандарын қиған. 518 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Мұның елеулі бөлігі қыздар болғаны белгілі. Әскерге алынған қазақтың қара көз қыздары нәзік жандарына қарамай соғыс техникалары мен құралдарын жетік меңгерген. Шайқастарда ерлік көрсетіп халқының абыройын асырды, елінің даңқын асырды. От пен оқтың арасында жүріп, жандарын шүберекке түйіп жаралыларды өлімнен құтқарды. Сондай аяулы апаларымызды атап айтатын болсақ – Хиуаз Доспанова, Зоя Досбергенова, Райхан Ибраева, Гүлнар Сейдалина, Роза Момынова,  Жәния Берниязова, София Шияпова, Мафғидаш Шынтемірова, Фазила Теміралиева.  Ал Шығыстың жұлдыздары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметовалар алғашқылардың бірі болып Батыр атағын алды.

      Төрт жылға созылған бұл соғыс қаншама қазақстандықтардың шаңырақтарын ойран ғып, қаншама боздақтарынан айырылды. Көбі ерлік жасап «Ұлы отан соғысының батырына» лайық орден, медальдарын кеуделеріне тағып аман есен келген. Сол сұм соғыста ерліктерін көрсетіп,ерлікпен қаза болған қазақ ұлдары мен қыздарының қазіргі кезде қалаларда, аудан, ауылдарда көше аттары, мектеп әскери бөлімдерге де ел қорғаған ардақты азаматтардың аттары  берілген. Мұның бәрі де олардың жасаған ерліктеріне көрсеткен тағзым деп білу керек. Әр қалада, әр ауылда  «Ешкімде ешқашан ұмытылмайды» атты ескерткіштердің мәңгілік алауы сөнбек емес.

 

 

Д-11 тобының кураторы: Ногатаев Ержан Токтамысович.