Дуальды оқыту жүйесінің басты мақсаты – өндірісте жұмыс істеудің негізгі дағдыларын қалыптастырған білікті де құзыретті түлек дайындау, техникалық және арнайы білім беру (ТжКБ) жүйесінде қосымша білім берудің қазақстандық үлгісін дамыту.

Қарапайым тілмен айтқанда, жұмысқа алғашқы күннен бастап араласып, оны жоғары кәсіби деңгейде орындайтын маман дайындау. Сонымен қатар, дуальды білім беру Қазақстандағы жұмыс берушілерден белгілі бір дағдылары мен білімі бар мамандарға тапсырысты қалыптастыруды көздейді.

Осы мақсатта

Абай облысы білім басқармасының "Абай колледжі" КММ мен ЖШС "Metall mining" "Белсу" кен өндіру орыны және "Абай ауданының әкімдігі" 3 жақты Меморандумға отырды.

Бұл келісім кәсіпорындар үшін дуальді оқыту жүйесін дамыту және мамандарды даярлау мақсатында бизнес құрылымдары мен инвесторларды тартуда септігін тигізеді.