«Абай колледжі» КММ кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы өтті.Акцияға жергілікті өлкетану музейінен Айқын Ақболатов, Камен Оразалиннің музей үйі директоры Эльдар Оразалин,Абайдың Жидебай музейінен Лаура Күзембай, «Абай елі» газетінің тілшісі Жазира Қажықызы,Абай ауданының орталық кітапханасынан Шынар Лизмқызы және колледж оқырмандары қатысып,колледж кітапханасына кітаптарды сыйға берді.

«Ұлылар елінің ақын - жазушылары», «Абай Құнанбайұлына 180 жыл», «Бір ел-бір кітап», «Кітаптар әлемі» атты кітаптар көрмесі қойылды.

«14 ақпан Халықаралық кітап сыйлау күні» акциясына орай Абай ауданы орталық кітапхана ұжымы «Абай колледжі» КММ кітапханасына сыйға кітаптар берді.

«Абай колледж» КММ кітапханасының «Қолтаңба» кітапшасына келген қонақтар өз қолтаңбаларын қалдырды.

«Абай колледжі»КММ студенттерімен бірге К.Оразалин атындағы музей үйінде жергілікті ақын.Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Республикалық ақындар мүшәйрасының бас жүлдегері. Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің және «Құрмет» орденінің иегері,Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері,Абай ауданының «Құрметті азаматы» Төлеген Жанғалиевтің 75 жас мерей тойына орай ұйымдастырылған кітап көрмесіне қатысып,ақын өлеңдерін студенттер жатқа айтты.