⚜Аудан әкімі Мейіржан Серікбосынұлының сайлауалды бағдарламасына сәйкес туризм саласын дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы жиын және «Абайдың жүрген ізімен» атты жолнұсқаулықтың салтанатты тұсаукесер рәсімі өтті.
🔹Киелі орындарға студенттердің саяхаттарын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімі «Бизнес және сервис колледжінің» директоры А.Хожановамен және «Абай» колледжінің директоры Р.Жұмақсановпен екі жақты меморандумға қол қойды.
🔹Ауданның туризм саласын дамытуға бағытталған бұл маңызды шара тарихи және мәдени мұраларды насихаттауда үлкен қадам болды.
Ал, жол нұсқаулықтың жарық көруі ауданның киелі орындары мен мұрасын кеңінен танытуға септігін тигізері сөзсіз.