2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылына орай Абай ауданы Мансап орталығының ұйымдастыруымен колледж студенттері мен арнайы пән оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері

ШЖҚ “Риза” мекемесіне саяхат жасап, жұмыс барысымен танысты.

Мақсаты:

Жастарды кәсіптік білімге баули отырып жұмысшы мамандығының мәртебесін көтеруді көздейді.

Өндіріс орындарына жасалған экскурсия барысында студенттер мекеменің жұмыс ерекшеліктерімен, бұл саладағы сұранысқа ие мамандықтармен жақын танысты.

Танымдық экскурсия болашақ мамандарды отандық кәсіпорындарға тартып, білімді жастарды кедергісіз жұмысқа орналастыруға бағытталған.