Баяндама
Мен Ногатаев Ержан Токтамысович. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Абай колледжі»Коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2014-2015 оқу жылы Жөндеуші-слесарь мамандығын ашып 1-курс студенттер қатарына қабылдап алдым.Осы мамандық бойынша студенттерімді оқытып өз мамандықтары бойынша білім алып болашақта бір маман иесі болады деп сенемін.Колледжде әр мамандықтар бойынша облыстық колледж ішілік,ашық сабақтар өткізіліп. «Өз ісінің шебері» студенттер арасында «Үздік шебер» өндірістік оқыту шеберлерінің арасында «Мамандығым мақтанышым» арнайы пән оқытушыларының арасында т.б. әр түрлі атаумен конкурстар өткізіліп үздік шыққан конкурс жүлдегерлері анықталып облыстық конкурстарға жолдама алып қатыстырылып отырады.2015-2016 оқу жылында. 2-курс студенттері оқу бағдарламасына сай өндірістік іс-тәжірибеден өтіп өз мамандығына қызығушылықтарын оята білді.
2016-2017 оқу жылында 3-курс студенттері өндірістік іс-тәжірибеге өтуге жіберілді. бұл мақсатта студенттер өз мамандықтары бойынша жұмыс атқарады. Сондай- ақ колледжде мамандықтары бойынша өндірістік оқыту мақсатында төмендегідей әлеуметтік әріптестермен келісім шарттар жасалып маусымдық жұмыстар уақытында өндірістік іс-тәжрибені дамыта отырып білім беруде едәуір септігін тигізуде «Дерикар» жол жөндеу мекемесі ЖШС «Риза» аудандық ауыз сумен қамту және көгалдандыру жұмыстарын жүргізетін мекеме КМКК«Сем-Маз» Семей қаласындағы трактормен автобустарды құрау орталығы студенттерім өндірістік іс-тәжірибеден жақсы өтіп өз мамандықтарына сай білім алып 2017жылы алған мамандықтары бойынша дипломдарын қорғап болашақ мамандар түлеп ұшты.Биыл 2017-2018 оқу жылында «Ауыл шаруашылық мамандығы бойынша. Тракторист-машинист»мамандығын аштық бұл мамандыққа 15 студент қабылданып болашақта сапалы жұмыс атқаруыма атсалысамын.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mys/166-bayandama-2.html#sigFreeId33320e0eb8
ТОО«СемАЗ» мекемесіндегі өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жатқан ЖС-13 тобынын студенттері
«Жөндеуші-слесарь» тобы бойынша білім сапасының көрсеткіш мониторингі бойынша:
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mys/166-bayandama-2.html#sigFreeIdf614a3e7d0
Білім сапа көрсеткішінің мониторингі, марапаттар жинағы, жөндеуші-слесарь, ЖС-11.ЖС-12. ЖС-13 тобының жұмыстары, тәрбие сағат жинағы, ағымдағы тест қортындылары, ашық сабақтар жинағы, тест тапсырмалар жинағы, дәрістер жинағы, сабақ жоспары, реферат жинағы, шиырма папкалары мен партфолио жасалынды).
Сөз соңында айтарым «Шәкіртсіз ұстаз-тұл» демекші алдағы уақытта жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде өз үлесімді қоса бермекпін.
Шығармашылық жұмыс
2017 оқу жылында қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесінің жаңа бағдарламасын дамытуға өзімнің өзық тәжірибемдегі шығармашылық жұмысымды «Ұлт ұстазы » альманах республикалық ғылыми-әдістемелік, шығармашылық журналына жіберіп. Республикалық «1000 үздік ашық сабақ» атты жинақ кітабына еніп «Ұлт ұстазы» төсбелгісімен марапатталдым
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/o-u-distemelik-zh-mys/166-bayandama-2.html#sigFreeId0758890c07







