Кәсіби мамандарды дайындауда Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей міндетті мемлекеттік стандартын жүзеге асырудың негізгі міндеті – ғылым мен білімді тәжірибемен ұштастыру. Тәжірибе барысында болашақ маман өзінің кәсіби мамандығы бойынша алғашқы тәжірибесін жинақтай бастайды. Қазіргі таңда кәсіптік салада жан-жақты білімді, білікті, іскер, бәсекеге қабілетті маман даярлауда әрбір білім алушыны жан-жақты ізденуге, өздігінен тың жаңалықтар ашуға, қай салада болмасын, ғылыми жұмысқа деген бейімділігін қалыптастыру көзделуде. Осыған орай колледжде «Ең үздік бизнес -жоба» атты өндірістік оқыту шеберлер арасында байқау өткізілді.

Мақсаты: «Техникалық және кәсіптік білім берудегі өндірістік оқыту шеберлерінің жұмысшы маман даярлаудағы болашақ маманның кәсіпкерлік бастамаларын ынталандыру және дамыту.»

Міндеттері: Экономикалық және кәсіпкерлік салада жастардың инновациялық мүмкіндіктерін дамыту;

-Нарық жағдайына үйрету қабілеті, жастардың экономикалық дайындығын арттыру;

-Жастарға жеке кәсіпкерлік ынтасын дамытуға және келешек бизнес-ойларын қолдауға, бизнес-идеяларды дамытуға мүмкіндік беру;