Оқу орны кітапханасының міндеті-кітап қорын толықтыру,студенттерге атаулы күндер бойынша аталып өтетін Қазақстан Республикасындағы мерей той иелері мен мәдени шаралар ұлтымыздың барлық байлығын жеткізе алуда әдіс-тәсілдердің ыңғайлы түрлерін қолдана отырып тиімді жеткізу болып табылады.Осы орайда кітапхана қызметін пайдаланушыларды сапалы ақпараттармен қамтамасыз ету,ақпараттық-электрондық қызмет түрлерін және виртуалдық анықтамаларды ұсыну-кітапхананың қазіргі кездегі ең басты бағыттарының бірі.
Жалпы кітапхананың ауданы 18 кв/м.
Оқырмандарға қызмет көрсету үшін 10 орындық оқу залы бар.
Кітапхананың жұмыс істеу уақытты 8 сағат.
Кітап қоры 7098 дана.
Оқырман саны 134.
Жыл бойғы оқырмандар саны 2110.
Орыс тіліндегі оқулықтар саны 1395.
Әдістемелік кітаптар саны 200.
Электронды оқулықтар 145.

Колледжде мерзімді баспаны жинақтауға ерекше назар аударылады.
«Әдіскер методис», «Білім технологиялары», «Тәрбие құралы», «Абай»,
География және табиғат», «Қызықты психология», «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар», «Білім беру мекеме басшыларының анықтамалығы», «Колледж кәсіби білім беру», «Мектеп кітапханасы», «Валелогия», «Мектептегі кітапхана», «Биология», «Ағылшын», «Ашық сабақ факультатив» газеттер «Егеменді Қазақстан», «Дидар», «Семей таңы», «Республика ұстаздары», «Каз Правда» жергілікті «Абай елі» газетіне жазылады.
Кітапхана оқырмандары-студенттер,оқытушылар,колледж қызметкерлері. Кітапхана қорының басым көпшілігі колледждегі мамандықтар бойынша. Қосымша әдебиеттер қоры баспаның келесі түрлерінен тұрады.
Олар ресми басылымдар, нормативтік әр түрлі мәселелер бойынша құжаттар анықтамалық,мерзімді басылымдар және т.б. мемлекеттік тілде жалпы білім беретін пәндер бойынша оқулықтар қоры жылдам толтырылуда.
![]() |
![]() |
«Фолиант», «Атамұра», «Мектеп», «Келешек-2030» баспасынан шыққан кітаптарды колледж оқытушылары мен студенттері пайдалануда.
Кітапханаға жаңадан келіп түскен кітаптарға кітапхананың мөрі басылып, инвентарлық сан беріліп бұйымдық кітапқа және кітапхана қорының жалпы есеп кітабына тіркеліп. Кітапханаға жаңадан келіп түскен кітаптармен ұстаздар қауымын таныстырып, библиографиялық шолу жүргізілді. Кітапханадағы «Жаңа кітаптар сіздер үшін» атты көрмеге қойылып оқырмандар назарына ұсынылды.
![]() |
![]() |
Кітапханада жұмыс оқу жылындағы жылдық жоспар бойынша жүзеге асырылады.Әр айга жеке-жеке айлық жоспар жасалып, сол жоспардың барысымен іс-шаралар атқарылады. Жоспарға байланысты кітапханада атаулы күндерге байланысты кітап көрмесі ,библиографиялық шолу,танымдық сағат, әдеби кештер, дөңгелек стол және тақырыптық папкалар жасалып тұрады. Осы оқу жылының атқарылған жұмыстың барысы төмендегідей:
Жаңа оқу жылында колледжге келген бірінші курс студенттеріне саяхат ұйымдастырылып, кітапхана жұмысымен таныстырылып, колледж кітапханасын пайдаланудың ережесін, қызмет көрсетудің жалпы тәртібін, кітапхана мен оқырманның құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп. Әрбір студентке кітапханаға тіркеу парағы толтырылып, оқырман парағы ашылады. Кітапхана колледжде өтетін кез келген шарадан тыс қалмайды. Тәрбие жұмыстарына белсене араласып. Студенттердің кітап оқып, өз білімін жетілдіруіне ерекше атсалысады. Көптеген әдеби байқауларға студенттердің қатысуына ықпал етіп, керек материалдарына қол жеткізуіне көмектеседі және ғылыми жоба жазуына жетекшілік жасайды. Мерзімді басылымдар мен әлуметтік желідегі электронды басылымдар менде қамтамасыз етеді.











