ШҚО Абай ауданы «Абай колледжі» КММ-сі ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың бастамасымен «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы бойынша «Абай колледжі» КММ өз жұмысын жалғастырып келеді.
Ел тұрғындарын ізгілікке, мейірімділікке үндеп, қайырымды істер жасауға шақырған жоба аясында «Абай ұрпақтары » еріктілер клубы жұмыс жасайды. Мақсаты: Әлеуметтік көмекке мұқтаж аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және басқа (үйде оқып, білім алатын) санаттағы балаларға көмек көрсету, қамқорлық концерттерін ұйымдастыру, әлеуметтік қолдау көрсету орталықтарымен тығыз байланыста болу.
Жоғарыда көрсетілген іс-шаралар клуб мүшелерімен ғана емес, сонымен қатар, оқушылар, мұғалімдер және ата-аналардың қатысуымен дәстүрге айналған қолдау мен риясыз көмектің арқасында іске асатын ауқымды жұмыстар саналады. Атап өтсек, клуб мүшелері «Ардагерлерді аялайық» акциясына қатысып, үй маңайын қардан тазалап, көмір кіргізіп, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, азаматтың борышын атқарды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/101-ajyrymdy-ister-marafony-zhalpy-ltty-zhobasy.html#sigFreeIdd7f5512e7f
#қайырымды істер марафоны
https://www.instagram.com/p/ CKDQu34gVWV/?igshid=1uv8dzih4wjx8
Жергілікті БАҚ «Абай елі» газетіне жарияланды.







