Әлеуметтік көмекке мұқтаж аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және басқа (үйде оқып, білім алатын) санаттағы балаларға көмек көрсету, әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында «Жақсылық жасап жарысайық», «Үлкенге құрмет, кішіге ізет!», «Қайырымдылық жүректен!» акциясы ұйымдастырылды. Студенттер ұйымының еріктілер тобы көп балалы, мүмкіндіктері шектеулі 3 баланы тәрбиелеп отырған Мұқатаева Қанипа апаның, жалғызбасты, жағдайы төмен Ибраева Майра апаға, көп балалы ата-ана Слямжанов Тахир мен Серикова Тоғжанның үйлеріне қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етіп, үй-жайларына қолғабыс етіп, ауласындағы қарын тазалап, ағаш отындарын жарып игілікті іс жасады. Қамқорлық көрсете келген студенттерге, колледж әкімшілігіне, кураторлары Ж.Маямерова, А,Сарқытханұлы, өндірістік оқыту шебері Т.Әмреновке ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді. Патриот жастарымыз үлкендерге құрмет, кішілерге ізет танытып, қоғамға қолдарынан келген жақсылықтарын жасай отырып, сол күнді пайдалы да қызықты өткізді.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/102-zha-syly-zhasap-zharysajy-lkenge-rmet-kishige-izet-ajyrymdyly-zh-rekten-aktsiyasy-jymdastyryldy.html#sigFreeIdba31e01688
БАҚ және әлеуметтік желілердегі іс-шаралар туралы жарияланымдарға сілтемелер
#қайырымды істер марафоны
https://www.instagram.com/p/ CKDQu34gVWV/?igshid=1uv8dzih4wjx8
Жергілікті БАҚ «Абай елі» газетіне жарияланды.







