Колледждегі тәрбие жұмысы – студенттің
тұлғалық қалыптасуының алғышарты
Тәрбие жұмысы- Білім және Ғылым Министрлігінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №528 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды басшылыққа ала отырып, мектептің тәрбие жұмысының жоспары жасалынып, бекітілді. «Абай колледжі» КММ-де 2019-2020 оқу жылында «Жасөспірімдерді жан-жақты тәрбиелеуде жеке тұлғаны қалыптастыру» бағытында біршама жұмыстар атқарылды. Оқу жылының басында 2018-2019 ж. атқарған жұмыстарға талдау жасау арқылы жаңа оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралары іске асты: топ жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, топ бөлмелері бекітіліп, белгіленді. Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде топ жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, студенттерің киім-киісіне, күн режиміне бірыңғай талаптар қойылды. Топ арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды. Колледж және топ жетекшілердің тәрбие жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтыды:
1)Қазақстандық патриотизм және азаматтық, құқықтық тәрбие.
2)Рухани адамгершілік
3)Ұлттық тәрбие
4)Отбасы тәрбиесі
5)Еңбек,экономикалық және экологиялық тәрбие
6)Зияткерлік тәрбие,ақпараттық мәдениет тәрбиесі
7)Көп мәдениетті және көркем - эстетикалық тәрбие
8)Дене тәрбиесі салауатты өмір салты.
Сонымен қатар жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, балалар жарақатын болдырмаудың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік көзқарасқа қарсы жүргізілетін іс-шаралар кенінен жоспарланды. Колледж әкімшілігімен «Бала тәрбиесі-баршаның ісі» тақырыбында бірлесіп атқаратын жұмыстардың көлемі бекітілді. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары бірлесіп жасалды.Былтырғы оқу жылында ИДН тізімінде тіркелген бала болған жоқ. Колледжішілік іс – шараға былтыр 92 пайыз қатынасса биыл 97,8 % өсті. Жыл басында даталы мерекелік апталықтар топ жетекшілерге бөлінді. Оның мақсаты: жұмысты жүйелеу, жауапкершілікті нығайту, әдістемелік материалдарды жинақтау. 2018-2019 оқу жылында топ жетекшілерінің тәрбие журналдарына жазылу 48% болса , биылғы оқу жылында 68,5 % жоғарылады. Жаңа технологияны пайдаланып сабақ өткізу біршама жоғарылады. Жыл басын «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынымен бастап, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі құрметіне «Менің Отаным - Қазақстан» , «Ата Заң Аясында» және «Менің денсаулығым – менің байлығым» атты тақырыпта топ сағаттары өткізілді.
Және қыркүйек айында өткен «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тілдер онкүндігімен басталды. Алғашқы күні «Тіл–ұлттар ұйтқысы» деген атпен гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен үш тілде құттықтауымен апталықтың ашылу салтанатты жиынын өткізді. Қаламы жүйрік дарынды балалар арасында «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты өзекті тақырыптарда шығармалар байқауы ұйымдастырылды. Қазақ тілінің мұғалімі Гүлжан Мұқанқызының ұйымдастыруымен «Ұлттық тіл-мәдениеттің негізі және іргетасы» атты тақырыпта мақала байқауы өткізілді., Тілдер пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Тіл достықтың терең тамыры» тақырыбында үш тілде көркем сөз оқу сайысы өткізілді.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId9f9e7237c8
Кітапханашы Ж.Шеризатқызының ұйымдастыруымен «Тіл- аса қадірлеп ұстайтын байлығымыз» атты тақырыпта кітап көрмесін өткізсе, «Мемлекеттік тіл менің тілім» тақырыбында барлық топта топ сағаттары өткізіліп, Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен осы онкүндіктің оқушылардың ұлтжандылық қасиеттерін дамытуда берері көп болды.
Қазан мен қараша айларында «Табиғат тағдыры адам тағдыры» атты тақырыбында экологиялық акция өтті. Акцияда колледж ауласы, ауыл іші қоқыстан тазаланды.
2016-17 оқу жылында оқушылардың қоғамдық жұмысқа қатынасуы 80 % болса, 2017-18 оқу жылында 90 %-ғакөтерілді.
Атап айтсақ,«Білім көзі кітапта», «Қазақстан республикасының рәміздері» , «Төл теңгеміздің тарихы» атты топ сағаттары, «Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні» , «Құқықтық сауаттылық –заман талабы» атты пікірталастар өткізілді. «Діни сауатсыздық – қоғам қасіреті» атты дөңгелек үстел өткіздік.колледжішілік және әртүрлі аудандық, облыстық деңгейдегі іс- шараларға белсене ат салысады. Мысалы « Күзгі бал» мерекесінде топ студенттері жулде жеңіп алып , аудандық шарадан Серікқанов Ұлан мен Саметова Индира «Гран При»бас жүлдені жеңіп алды. Қыркүйек айында Серікқанов Ұлан Семей қаласында «Тіл – ел бірлігі» деген атпен өткен облыстық фестивальға қатысып , мадақтамамен марапатталды. « Күзгі кросс» спорттық сайыста Серікқанов Ұлан «Қол күрестен» 3 орын, « 1500 м қашықтыққа жүгіруден 1 орын алды.
Топ студенттері колледжде өткізілген іс – шаралардың ұйытқысы болып жүреді. « Студенттер қатарына қабылдау кешінде» белсене ат салысты.
Серікқанов Ұлан аудандық «Жыл студенті» атағын жеңіп алды.
Аудандық « Күзгі бал» мерекесінде колледж студенттері «Гран При» бас жүлдесін жеңіп алды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId7cca18febe
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeIdaab19a4fca
Және осы айда «Алтын күз» тақырыбында өткен сайыс үш кезеңде ұйымдастырылды. «Күз сыйы» тақырыбында көрме өтті. Осы колледжшілік «Алтын күз» мерекесінен үздік шығып топ студенті Саметова Индира күз ханшайымы атанып, аудандық байқауға жолдама алды. Бұл аудандық сайыста колледж студенттері Серікқанов Ұлан мен Саметова Индира ханзада мен ханшайым атағын қорғап қалды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId73ec6c8255
Студенттер ұйымының ұйымдастыруымен « Ұстаз ұлы тұлға» мерекелік сазды бағдарлама өте сәтті өтті.
Қараша айында «Алкогольге қарсы күрес» тақырыбында онкүндік өткізілді. Бұл онкүндікте «Денсаулық және спорт» тақырыбында спорттық ойындар, «Жағымсыз әдеттен сақтан!» тақырыбында сурет көрмесі, топ сағаттары өткізілді. Желтоқсан айында «Тәуелсіздік « және «Бейбітшілік пен жасампаздық» атты тақырыпта 20 күндік іс-шара өтті.Тарих пәні мұғалімі Ш.Есмағанбетова мен Е.Көшкінбаевтың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік туы желбіресін» атты тақырыпта іс-шараның ашылу салтанаты болып өтті. «Тәуелсіз Қазақстан жаңа ғасырда» атты тақырыпта сурет көрмесі, «Желтоқсанда мұзға жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын» тақырыбында шығарма байқауы өткізіліп, «Желтоқсан- Тәуелсіздік шежіресі» тақырыбында топ сағаттары, «Тағылымы мол -Тәуелсіздік» тақырыбында кітап көрмесі, 1-2 курстар арасында «Ел болашағы дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын ұрпақ» атты тақырыпта пікірталас, «Елімнің еркіндігі Қазақстан» тақырыбында ашық тәрбие сағаты, «Көк байрағын көтерген Қазақстан» атты тақырыпта көркем сөз шебері, «Тәуелсіз елдің ұланымыз» тақырыбында мерекелік концерттік бағдарлама өтті.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeIdcd00a66f19
Желтоқсан айында «СПИД- ғасыр дерті» тақырыпта апталық болып өтті. Бұл апталықта ауылдың бас дәрігері Н.Рысбековамен кездесіп ішімдіктің, темекімен нашаның зияны туралы және СПИД ауруы туралы пікір алмасып, баяндамалар оқылып, видео көріністер көрсетілді.
Наурыз айында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өттік. «Ана- алып бәйтерек» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты болып өтті. Және осы айда Наурыз мерекесін атап өттік. Наурыз мерекесіне ауылымыздан 10 ардагер- алтын, күміс алқа иегерлері аналар шақырылып,
ауылдық округінен қонақтарды шақырып, ҰОС – ның 75 жылдығына орай қазақтың салт дәстүрлерін дәріптеп, көріністер көрсетіп, құдайы тамақ беріліп, ата-аналарымызды марапаттадық.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeIdee2320d81a
Жаңа оқу жылы «Болашаққа бағдар-рухани жаңғыру » атты ашық топ сағатымен басталды.Құрылыс тобының студенттері қазан айының басында қарттар күніне арналған мерекелік кешке қатысып,өз өнерлерін көрсетсе,ұстаздар күніне арналған мерекелік кеште де белсенділік танытты. Колледж ішінде өткен «Алтын күз » мерекелік іс-шараға да өз тобым қатысып, 2 –ші орынға ие болды.Ал қазан айында құрылыс тобынының студенттерімен адамгершілік туралы тәрбие сағатын өткіздім.Онда әр оқушының өмірге,қоғамға деген көзқарасын анықтау мақсатында сұрақтар қойылып,зерделеу жүргіздім. Нәтижесінде әрбір студентке жекелеме тәрбие сағаты жоспарланды. Жоспар бойынша студенттердің әрқайсысымен тек ұстазы ғана емес,екінші анасы, досы ретінде ашық әңгімелесіп,мазалаған сұрақтарына жауаптар берілді.
Жалпы студенттердің мінез-құлқын,әлеуметтік жағдайлары мен жанұясы т.б танып білу үшін топтағы студенттер туралы жекелеме мәліметтер мен оларға зерделеу жүргізіледі. Желтоқсан айында студенттердің ойлау логикасын арттыру мақсатында колледжде шахмат, шашки, тоғызқұмалақ ойындары өткізілген болатын. Осы ойындарда топтың студенттері Рамазанов Әділет, Лазатов Ринат, Ерланұлы Нұртас мақтау қағазымен және сыйлықтармен марапатталды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId9b831f8fac
Құрылыс тобының ұйымдастыруымен 15 ақпан ауған соғысының ардагерлерінің төл мерекесіне арнап «Қажетсіз соғыстың қасіреті» атты кеш өтті. Кештің қонағы ретінде Көкбай ауылының тұрғыны, ауған соғысының ардагері, ұстаз Мұқышев Айнұр Тәңірбергенұлы шақырылды. Студенттер ардагер ағаларына көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, қасіретті соғыс туралы өлең шумақтарын арнап,естелік суретке түсті. Ақпан айында жаратылыстану апталығын қорытындылау мақсатында
«Салауатты өмір салты –денсаулық кепілі» атты тақырыпта 1,2 курс студенттерінің қатысуымен танымдық сайыс өткізілді.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId3418d6fcd5
Аталған сайыста құрылыс тобының студенттері «Ұялы телефонның адам ағзасына тигізетін зиянды әсері » туралы өз жұмыстарын ұсынса,өзге топтар басқа тақырыптар бойынша өз жұмыстарын қорғап,белсенді ат салысты.
Наурыз айында өткен аудандық көркемөнерпаздар байқауында да, колледж студенттерімен қатар құрылыс тобының студенті Тұрысбекова Ажар сахналық көрініске қатысып, өз өнерін көрсетті.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId42a658fceb
Тұрысбекова Ажар, Рамазанов Әділет, Серікқызы Айжан, Кәрімқожа Аманай колледж әкімшілігінің мадақтамасымен марапатталды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeIdc600516c5e
Аудандық көркемөнерпаздар байқауында
АӘД пәні мұғалімі М.Мұқатаевтың ұйымдастыруымен «Сапта жүріп ән айту шеруі», «Айбын» әскери -спорттық ойындары болып өтті. Бұл шеруге 1-2 курс студенттері қатысып, сапта жүру, ән айту, оңға, солға бұрылу тәртіптері көрсетілді. Сайыс соңында «Үздік командир», «Үздік сапта жүруші», «Үздік ән айту» номинациясымен оқушылар марапатталды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeIded81933700
Колледждегі тәрбие ісі нәтижелі мақсатқа құрылған тәртіппен жұмыс атқарғанда ұлтжанды, іскер, жігерлі тұлға қалыптасады.
1желтоқсан- Бірінші президент күніне орай ұйымдастырылған облыстық инженер-педагогтар арасында өткен «Елім менің аңсаған!» атты сайыста жүлделі 1ші орынды иеленді.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeIdf5e8ea56cd
Студенттерді қабылдау кешінде
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId63d591d5b0
«Қырманға кел, қалқатай...!» сахналық қойылым.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId3d11ccb17a
«Қарттарым-асыл қазынам!» атты мерекелік кеште
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeIdbef5003636
Ендеше біздің ұжымдағы ұстаз қауымының үздіксіз білім мен тәрбие берудегі шығармашылық табысқа жетудегі алар биіктері мол болмақ. Болашақта сауатты да , салауатты бала тәрбиелеуде ұстаздар қауымы өз үлестерін қоса береді.
Ш. Құдайбергеновтың туғанына 160 жыл, Абай ауданының құрылғанына 90 жыл, Астананың 20 жылдығына орай өткізілген
іс-шара
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId72ebce1e3e
«Желтоқсанда мұзға жанған алауым, Желбіретті Тәуелсіздік жалауын» тақырыбында өткен байқауда
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeIdafe3ff5dbf
Студенттер ұйымының кәсіподақ ұйымымен бірлесіп өткізген
«Кел, Жаңа жыл!» мерекелік қойылымы
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId870796cb6b
«Көктемгі кросс» салауатты өмір салтын ұстанамыз!
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId078693b27f
Ұсыныс:
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жұмысын жандандыру
«Өзіне – өзі қол жұмсауды болдырмау және оның алдын- алу» ай сайын тәрбиелік топ сағаттарын өткізу
Құқықтық тәрбиені үнемі назарда ұстау
Ұлттық тәрбиеге көңіл бөлу
- Өзін – өзі басқаруды қолға алу
- Апталықтардың сапалы және уақтылы өтуін қадағалау
- Топ жетекшілері рейтингісін тоқсан сайын шығарып отыру
-Колледжде заманауи ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану және тәрбие мәселелері бойынша баспа қызметін пайдалану
-Тәрбие жұмысында және оларды ұйымдастыруда жаңа технологияны игеру
Жастарды тәрбиелеу және оларды әлеуметтік қолдау мәселесі қоғам үшін әр уақытта өзекті. Қазіргі таңда білім беретін оқу орындарының алдында тұрған маңызды мәселелердің бірі – жастардың бойына рухани және адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, әлеуметтік әлеуетін дамытуға ерекше жағдай жасау. «Абай колледжінің» тәрбие жұмысы және әлеуметтік қызметі – жас буынның кәсіби білім алуына, өзін-өзі дамытуына, жетілдіруіне, қоғамдағы белсенді әлеуметтік бейімделу қабілеттілігін арттыруға, қазіргі замандағы қажеттіліктер мен құндылықтар жүйесіне, әлемдік және отандық мәдениеттің дәстүрлеріне бағытталған тұлғаның үйлесімді дамуы және қалыптасуы үшін жағдай жасауға бағытталған қызмет. Тәрбие жұмысы және әлеуметтік қызмет – студенттер мен оқытушылар құрамының қоғамдық істерінде білім беру, ғылыми-зерттеу және ұйымдастыру-басқару процестерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады. Ең бастысы, ол – студент жастарға кәсіби білім беруге, дамытуға, дұрыс тәлім-тәрбие беруге және әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Еліміздің саяси-әлеуметтік және мәдени өркендеуін саналы түрде сараптай алатын кәсіби құзіретті мамандарды даярлауда дәстүрлі тәрбие жұмыстары жүйесінен гөрі студент жастардың өзіндік қызығушылықтары мен көзқарастарын негізге ала отырып, колледждегі әлеуметтендіру жүйесі бірлескен тәрбие жұмысы алты бағытта жүргізіледі:
Студент жастар – өз заманымен қатар қадам басатын, қоғамның алға басушы күші, олардың ішінен әртүрлі салада қызмет ететін тұлғалар қалыптасады. Студенттердің тұлға ретінде дамуында, азаматтық позициясының қалыптасуында колледждегі тәрбие процесінің рөлі өте маңызды. Себебі, тәрбие жүйесі – жаңа әлеуметтік-экономикалық ортада қызмет атқаратын мамандарды тәрбиелеудің, олардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайын қалыптастырудың және даму заңдылықтарын айқындау ортасының табалдырығы. Студенттердің үйірмелер мен спорттық секцияларға қатысуы, Жастар комитетінің жұмысы, жатақханадағы Студенттік Кеңес, топ басшылары мен ұйымдастырушылардың тәрбие мен білім берудегі қызметі, колледж белсенділерінің түрлі колледжішілік, қалалық, облыстық және республикалық шараларға қатысуы – бұл колледждің тәрбие блогының құрамдас бөлігі.
Колледждегі тәрбие процесі студенттер және топ жетекшілерімен тығыз жұмыс істейтін, үйірме жұмысының жүргізілуін қадағалайтын, колледжішілік, қалалық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі іс-шаралардың ұйымдастырылуына жауап беретін біртұтас бөлім.
Тәрбие жүйесі ата-ана қамқорынсыз қалған, жетім балалармен арнайы жұмыс жүргізіп, жатақхана жұмысын ұйымдастырады. Колледждегі тәрбие жұмысы ҚР Білім және ғылым министрінің 2015ж 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің Тұжырымдамалық Негіздеріне», Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы», «Неке және отбасы туралы», «Отбасы түріндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері туралы», «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы», «Темекі шегудің алдын-алу және шектеу туралы» және т.б. заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық денсаулығы» мемлекеттік бағдарламасы туралы Жарлығында жастарға қатысты бекітілген бағыттарға негізделеді. Колледжіміздің тәрбие жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар негізінде, тұлғаның кәсіби өсуі мен дамуы, қалыптасуы үшін жағдай жасау, ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрлерін сақтау, әлем мәдениетінің жетістіктерін меңгерту, ақпараттандыру және денсаулығын нығайту, бала құқығын дамыту. Негізгі мақсат: еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, сауатты, жауапты, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жақты, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, қоғамда бейімделуге қабілетті білікті маман, еліміздің нағыз патриоттарын дайындау.
Тәрбие процесі тәрбие және топ жетекшілері бірлестігімен және Студенттік Кеңеспен бірлесе отырып, мынадай міндеттерді жүзеге асырады:
-студенттермен тәрбие жұмысын және оқудан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізуге қатысты құжаттарды әзірлеу, сонымен қатар, студенттердің жатақханадағы бос уақытын ұйымдастыру;
- студенттердің тәрбие жұмысына және оқудан тыс уақытына қатысты кешенді бағдарлама жасау, оны жүзеге асыру;
- факультеттерде, жатақханаларда атқарылатын шаралармен қатар, оқу топтарында топ жетекшілері ұйымдастыратын тәрбие жұмыстары мен сабақтан тыс жұмыстарды бақылау;
-өзін-өзі басқару жүйесіндегі Студенттер кеңесін ұйымдастыру және оған жетекшілік ету;
-студенттермен тәрбие жұмысын және сабақтан тыс жұмыс жүргізу аясында жалпы колледждік жоспарлы шараларды өткізу;
-студенттердің құқығын қорғау және оны қадағалау;
-студенттер ортасының әлеуметтік-психологиялық ахуалын жақсартуды жүзеге асыру;
- әлеуметтік жағынан аз қамтылған және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған студенттерге материалдық көмек көрсетуге ықпал жасау;
- білім алушыларға салауатты өмір салтын енгізу бойынша дене тәрбие процесін, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмыстарды дамыту;
-студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлыққа, ішімдікке, темекіге құмарлыққа қарсы іс-шаралар өткізу.
Тәрбие процесінің тағы бір міндетті қызметі әлеуметтік-дәрменсіз топтарға жататын (ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) студенттермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарады. Әлеуметтік-дәрменсіз топтарға жататын студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге колледж тарапынан киім-кешек алу үшін материалдық көмек көрсетіледі және колледж асханасында тегін тамақтандырылады.
Колледждегі тәрбие блогы студенттерді әртүрлі іс-шараларға, айталық, Қазақстан Республикасының ұлттық және төл мерекелеріне арналған іс-шаралар («8-Наурыз», «Наурыз мейрамы», «Тұңғыш Президент күні», «Конституция күні», «Тәуелсіздік күні» және т.б.), «Ұстаздар күні», жаңа жылдық шаралар, салауатты өмір салтын сақтау бойынша акциялар мен флеш-мобтарға қатыстыруда. Сондай-ақ, еңбекке тәрбиелеу мақсатында студенттер қаланың белгіленген аймақтарын абаттандыру, санитарлық тазарту және көгалдандыру жұмыстарына белсене атсалысуда. Жатақханадағы тәртіп бұзушылықтың алдын-алу мақсатында Студенттік Кеңес жұмыс істейді. Жастар комитеті колледж студенттерінің қызығушылықтары мен көзқарастарын қорғау мақсатында белсенді жұмыс атқарады. Денсаулық сақтау, діни көзқарастарын қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында конференциялар мен дәрістер жиі ұйымдастырылады.
Студенттерге денсаулығын сақтау жұмыстарын насихаттау мақсатында «Абай колледжі» КММ-да 2016-2017 оқу жылдарында бағдарламаға сәйкес арналған жылдық жоспар жасалып дене тәрбиесі пәнінен жеті топқа сабақ жүргізілді. Жоспар бойынша сабақтан тыс іс-шаралар өткізіліп тұрады. Енді атқарылған іс-шаралар туралы атап өтсем: 21 қыркүйек күні жұмысшы қызметкерлер мен және колледжде оқитын студенттер арасында күзгі кросс сайысы өткізілді. Бұл сайыста бес спорттық сайыс тұрінен өтті. Жарыс соңында қызметкерлер мен студенттерді бағалы сыйлықтар мен марапаттау рәсімі болып өтті.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId7e938e1f47
Желтоқсан айының 12-сі күні «Тәуелсіздіктің 25-жылдығына арналған» 1999-2000 жылғы жасөспірімдер арасында өткен кіші футболдан аудандық жарыста колледж студенттері 1-ші орынды жеңіп алды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeIda459391e80
.Осы жарыста «Үздік шабуылшы» атағына Бәкімбаев Ерасыл ие болды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeIdad61f3651b
17-ші қаңтар күні допты хоккейден жасөспірімдер арасында аудандық жарыста колледж студенттері қатысып 4-ші орынға ие болды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeIdcc521856cf
22-ші наурыз куні кір тасын көтеру бойынша аудандық жарыста колледж намысын қорғап арнайы пән мұғалімі Үркімбаев Айдос 2-ші орынға ие болды. Сәуір айының 18-і куні Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін өткізілген қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» турнирінің аудандық іріктеу кезеңінде Үркімбаев Айдос 2-ші орынға ие болды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId055504422c
Мамыр айының 1-күні «Қазақстан спорт жұлдыздары» тақырыбында өткен республикалық білім сайысында І-ші дәрежелі дипломмен Бәкімбаев Ерасыл және жетекшісі дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Такенов Мұхтар арнайы дипломмен марапатталды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId2e1b7b1f5d
Оқу жылы соңында бұйрық бойынша әр топтан президенттік сынақ алынды. Ендігі алдағы оқу жылында іс шаралар өткізіліп «Салауатты дені сау жас ұрпақ тәрбиелеу мақсатында еңбек етеміз демекпін».
Талдау: 2016-2017 оқу жылында «Денсаулық фестиваліне» 90 % колледж ұжымы қатысса,2017-2018 жылы 92 %қатысты 2018-2019 оқу жылында 94% қатысты. Өсу динамикасы байқалды . Басқа ұжым мүшелері белгілі себептермен қатыса алмады. Ұжыммен алдағы уақытта түсіндіру жұмыстары жүргізілмек.
Қорыта келгенде, колледж студенттерінің 85%-ы қала өміріндегі мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысып, аудан, ауыл мәдениетінің, өнерінің дамуына өзінің сүбелі үлестерін қосуда. Қала, облыс әкімдігі тарапынан колледж студенттерінің еңбектері назардан тыс қалмай, мемлекеттік мерекелерде арнайы алғыс хаттармен марапатталуда. Бұл жетістіктер колледж оқытушыларының еңбегі мен тәрбие процесінің ұйымдастырушылық қызметінің нәтижелі жұмыстарының арқасында деп білемін.
- «1 қыркүйек – Білім күні» салтанатты лездеме өткізілді. Онда өткен оқу жылының қорытындысы мен жаңа оқу жылына міндет, мақсаттар айтылды. Әр топтарда «Мен өз Отанымның патриотымын!» тақырыбымен ашық топ сағаттары өткізілді.
- Өтініш білдірген 28 студент жатақханаға орналастырылды. Қазіргі уақытта нақты тұратыны-14 оның ішінде қыз бала-4. Әлеуметтік жағдайларына қарай берілген анықтамалар бойынша 63 студент 1 мезгіл 250 т көлемінде ыстық тамақпен қамтылады. Колледж бойынша аз қамтылған, тұрмысы төмен, көп балалы отбасында тұратын студенттер саны-76 (ветеринария тобы қосылғанда), бір бала ата-ана қамқорынсыз қалған студент. Оған шәкіртақысына қосымша әлеуметтік жағдайына қарай 30% үстеме ақы төленеді.
- Қазан айының жоспарына сәйкес «Қарттарым - асыл қазынам» тақырыбымен ауылдың ата, апаларымен кездесу кеші, мерекелік концерті өткізілді. Келген қонақтарға колледж әкімшілігі тарапынан 10 адамға 1000 т көлемінде сый- сияпат көрсетілді.
- Мұғалімдер күніне орай «Ұстаз - ұлы тұлға» атты мерекелік кешті студенттер ұйымы ұйымдастырып өткізді. Алғыс хат, мадақтама алған 8 мұғалімге де колледж әкімшілігі тарапынан 1000 т көлемінде сый-сияпат көрсетілді. Қосымша қазан айында 1 курс студенттерін студент қатарына қабылдау кеші ата-аналар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен өтті.
- Желтоқсанда Тұңғыш президент күніне орай «Елім менің, аңсаған!» облыстық инженер-педагогтар арасында өткен көркемөнерпаздар сайысына арнайы пән мұғалімі Үркімбаев Айдос ән номинациясы бойынша барып қатысты. Қосымша қолөнер бұйымдары мен колледж бойынша жасалған заттардың фотосуреттерінен көрме әзірленіп апарылды. Тәуелсіздік күніне волейболдан аудандық жарыс, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы кең ауқымда аталады. Әр топта дөңгелек үстел, кездесу кештері мен 25 санын бейнелеген флешмоб, атап айтар болсам ветеринария тобында өтен Еңбек ардагерлерімен кездесу, «Ұрпақтар сабақтастығы көзімен» 3 буын өкілімен кездесу өткізілді. «Тәуелсіздік бастауы-Желтоқсан» топ сағаттары, суреттері, қабырға газеттері мен колледждің сурет сызу пәні оқытушыларының шығармашылық жұмыстары қойылды. Барлық өткен іс шаралар аудандық «Абай елі» газетіне берілді.
- Тәуелсіздік күніне орай өткізілген аудандық «Шыңғыстау жұлдыздары-2016» сайысына колледждің 2 курс студенттері ән 2 жанры бойынша Т.Берікболов, көркем сөз жанрына Ж.Қайырлы қатысты. Қортындысында ән номинациясы бойынша Бас жүлдені Берікболов Талант еншіледі. Сонымен қатар Талант Республикалық Павлодар, Астана қалаларында өткен Жайдарман ойындарының үздігі атанып келеді. Спорттағы жетістіктеріміз де аз емес: Шалқар Баубек аудандық кіші футболдан өткен жарыстың «Үздік ойыншысы», Бәкімбаев Ерасыл «Үздік шабуылшы», Мақсатұлы Қуаныш- «Үздік қақпашы», Талдыбаев Нұржан, Алтыбаев Олжас, Әділханов Біржан, Төлеуханұлы Еркебұлан- аудандық волейбол ойындарының жүлдегерлері.
- «Кел, Жаңа Жыл!» атты студенттер ұйымының жаңажылдық кеші ұйымдастырылды. Студенттер мен келген қонақтарға сыйлықтар, тәтті торттар, сусындар берілді. Оған колледж мұғалімдері мен қызметкерлері жылдық киімдерімен балаларын әкеліп қатыстырды. Колледж ұжымына 1600 тг көлемінде бір-бірден жаңа жылдық кулектан таратылды. Сонымен қатар ауылдың жаңа жылдық карнавалын биыл колледж ұжымы ұйымдастырды.
- Аудан көлемінде жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін көркемөнерпаздар байқауында жүлделі 3 орынды иеленіп, 50 000тг ақшалай марапат алдық.
- Сәуір айының 28-і Семей қаласында өткен облыстық «Студент көктемі-2017» байқауына колледж студенттері мен жас мамандары барып, өз өнерлерін көрсетті.
«Абай колледжі» КММ-сі жатақханасында 28 оқушы тұрғындар тізімінде. Оның ішінде 4 қыз, 24 ұл бала.
Оқу жылының басында тұрғындарды қабылдау жұмыстары ұйымдастырылып, жаңадан келген І курс студенттерін жатақхананың жалпы ережелерімен таныстырылып өтті.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId7cfe01caf1
«Жатақхана өз үйім» тақырыбында жаңадан келген тұрғындармен танысу кеші ұйымдастырылды.
Сонымен қатар «Денсаулық фестивалі» мен «Өмір сүру талабы» тақырыбында тренинг өткізілді.
Қазан айындағы жоспар бойынша: «Ұстаз-ұлы есім», «Құлақтан кіріп бойды алар» (караокемен ән айту) конкурс сайыстары болып өтті.
Қараша айында жатақхана ұжымының ұйымдастырылуымен бірнеше мәдени іс-шаралар болып өтті. Атап айтар болсақ, студенттердің көңілінен шыққан «Туған күн иелелі» атты мерекелік шара. Онда жатақханада тұратын студеттердің туған күндері аталып өтті. Кеште студенттерге жатақхана тұрғындарының концерттік бағдарламалары мен әртүрлі көңілді ойындары ұйымдастырылды. Кеш соңында туған күн иелеріне құттықтаулар айтылып, кішігірім дастархан жайылды. Студенттерге осы кештің алдында болып өткен «Аспаз» сайысында дайындалған торт сән салтанатымен ұсынылды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeIde679cb47d4
Сонымен қатар «Мың бір-мақал» сайысы ұйымдастырылды. Онда студенттер 2 топқа «Жеңімпаздар» және «Қырандар» тобы болып бөлініп сайысты. Сайысты жатақхана студенттерінің жетекшісі жүргізді.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId54245c112a
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId19211e11a3
Желтоқсан айында: «Елбасы» күніне, «Желтоқсан құрбандары» күніне, «Тәуелсіздік күні» мерекелеріне орай мерекелік кештер ұйымдастырылды. Сонымен қатар ай соңында жатақханада «Ең таза бөлме» бөлмелер сайысы өтті. 20-сыншы бөлме «Ең таза бөлме» деп шешілді.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId2c11d25bd3
Ақпан айында жылма жылғы салт бойынша «Үздік бөлме» сайысы ұйымдастырлды.
Наурыз айында «Аналар мерекесі» өтті. Мерекеге сай студенттер өз өнерлерін дайындады. Наур Наурыз мерекесіне байланысты «Наурызым» мерекелік дастарханы жайылды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeId09b4106c07
Мамыр айында 7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай әскери патриоттық сайыс өтті. Тыл ардагерлеріне құрмет көрсету шаралары бойынша тыл ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылып құрмет көрсетілді. 9 – мамыр жеңіс күніне мерекелік шара студенттер ұйымының басшысы Е.Көшкінбаевпен бірлесіп өткізілді.
Жатақханада балаларға арнайы құрылған күн тәртібі бойынша кезекшілік атқарды. Оқушылар сондай-ақ, үйірме жұмыстарына және спорт үйірмелеріне тартылады.
Жатақханадағы студенттермен жоспар бойынша айына екі рет бас қосу жиындары болып отырады. Жиындар тәрбие жөнінде, жатақхана тазалығы жөнінде, жоспар бойынша мерекелік концерттерге дайындық барысында болып тұрады. Сонымен катар студенттермен жекелеме әңгімелесулер жүргізіліп отырады. Кешкілік уакытта студенттер гитара тартып, караокемен өлең айтып, дойбы, шахмат ойнаумен уақыттарын өткізеді.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/t-rbie-zh-mysy/104-kolledzhdegi-t-rbie-zh-mysy-studentti-t-l-aly-alyptasuyny-al-ysharty.html#sigFreeIdf1bf2e8e7c
Тәрбиелеу процесінде рухани-адамгершілік мәдениетті кешенді жоспарлау, эстетикалық тұрғыдан дамыту және салауатты өмір салтын қолдау жүйесі қалыптасқан және алдағы уақытта да тәрбиелік жұмыстар жүргізіле бермек.







