• Тұңғыш Президент күніне арналған іс -шара.

  • Абай аудандық М.Әуезов атындағы орталықтандырған кітапхананың ұйымдастыруымен 16 желтоқсан

ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік- тірегім» атты онлайн байқауда колледж студенттері  Дуанбеков Нұркен мен Бақытбекқызы Армангүл жүлделі орындарға ие болды

Топ сағаттары, дөңгелек үстелдер мен викториналар, мерекелік іс-шаралар

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына байланысты тарихи-мәдени орындарға әдеби танымдық  саяхат сабақ ұйымдастырылды.

Студенттерге  арналған тарихи-мәдени орындарға әдеби танымдық саяхат сабақты заңғар жазушымыз М.О.Әуезовтың туған жері Бөріліден бастадық.

Бөрілі - заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов туған жер. 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген. Ондағы М.Әуезов мұражайының алдындағы төбеде  «Мұңлы қоңыр туған анам, туған жерім Бөрілі» деген жазу үлкен тасқа қашалған. Одан бөлек Мұхтардың әкесі мен анасы Омархан Әуезұлы мен анасы Нұржамал Әбдісаматқызына және оларға іргелес жерленген –Қасымбекпен Ғалияның кесенесі бар.

1987 желтоқсан айының 25–нен Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық мұражайының қарамағында.

Мұражай экспозициясы 8 бөлімнен тұратының Мұражайда жалпы саны 1000-ға жуық экспонат жинақталғаны. Жазушының өмірі мен өскен ортасын жан-жақты көрсететін мұрағаттармен танысып, қызықтаумен бірге, ұлы суреткер мұрасы мен өміріне қатысты оқиғалар туралы түсірілген деректі фильмдерді де тамашалады.

Сырт Қасқабұлақ  Абай Құнанбаевтың туған жері.

Абайдың қара сөзі жазылған          Сырт Қасқабұлақтағы киелі                  

      мәрмәр  тас бағаналар.                    Абай бұлағы.

Сырт Қасқабұлақтағы мемориалды   «Туғанда дүние есігін ашады өлең»  

                 кешен.                                            с телла.

Абай бұлағы - Абай дүниеге келген жердегі бұлақ. Үлкен Қасқабұлақ, Кіші Қасқабұлақ, Сырт Қасқабұлақ деп бөлінеді. Бертін келе жер атаулары «Абай бұлағы», Абайдың Қасқабұлағы деп атала бастады. Ащысу өзеніне құятын Абай бұлағының басында Абай ауылы жаз, күз мезгілдерінде қоныс теуіп отырған. Осы бұлақ басында ақынның  «Күз»,  «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай...» деген өлеңдері жазылған. Студенттеріміз Сырт Қасқабұлақта бой көтерген  мемориалды кешенді тамашалай жүріп киелі бұлаққа апарар жолдағы  Абай атамыздың қара сөздері жазылған тас бағаналармен танысты. Киелі бұлақтың суынан дәм татты.

Келесі сапарымыз  Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлының мұражайы орналасқан Ақшоқы.

Ақшоқыға барар жол.              Құнанбай мұражайы.

Ақшоқыдағы Құнанбай  қорымы.

Ақшоқыдағы Аға сұлтан Абайдың әкесі, көрнекті қайраткер.

Құнанбай Өскенбайұлының мұражайымен танысып, Қарқаралыға мешіт салғызып, қасиетті меккеде мұсылман елдерінен барған адамдар түсетін үй – Тәкие салғызғанын. Ескі тамда мектеп ашып өз балалары мен руластарының балаларын оқытқаның айтып студенттерге кең көлемде мағұлматтар берілді.

Жидебай Абай Құнанбайұлы мұражайы\

Жидебай қорығы – тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық, экологиялық аймақ. Жидебай Еуразия материгінің орталығы, нақ ортасы болып есептеледі. Мемлекет қамқорлығына алыңған. Қорық құрамына Абайдың әдеби-мемориалдық мұражай үйі, Абай, Зере, Ұлжан, Оспан және Шәкәрім, Ахат, Құдайберді, Ғабитхан молда, Шәукен бай, Еркежан зираттары т.б тарихи-мәдени ескерткіштер кешені енген. Мұражай дәлізден, ас үйден, қоңақжайдан, Абайдың жұмыс бөлмесінен, Ділдәнің, Әйгерім мен Еркежанның отауынан, соғым сүрлейтін шошаладан, лапастан, екі себеттен тұрады.

Әр бөлмеге Абайдың өзі өлкетану мұражайына өткізген экспонаттармен қоса, сол үйге тікелей қатысты заттар орналасқан. Ақынның көзі тірісіндегі жиhаз-мүліктер, Ділдә мен Еркежанның жасаулары, саят құралдары, жиған кітаптары, тоғыз құмалақ тақтасы,ақынның қойын сағаты мен тісқабы, жазу үстелі мен орындықтары, ат әбзелдері, сондай-ақ өзге де тұрмыстық-этнографиялық мемориалдық мұралар қойылған.

Абай – Шәкәрім кесенесі сол сағым-теңіздің үстінде үлкен бір ой құшағында қалықтап тұрған, ойдың алып кемесі сияқты әсер етеді. Кесенелердің келбеті мұнара тәрізді, бір-бірінен пластикалық қасбетімен және күмбездерінің қалай біткендігімен ерекшеленеді. Абай мұнарасының биіктігі 38,5 метр, ал Шәкәрім мұнарасының биіктігі 37 метр. Кесененің іргетасының ұзындығы-200 метр. Көлдеңінен (ені)-65 метр, биіктігі- метр. Қабірлер арасы – 140 метр. Бұл – қазір әлемде үлкендігі жағынан бірінші орында тұрған алып космостық құрылыс. Жер бетінде мұның ауқымындағы ескерткіш-зират жоқ. Осының бәрін өз көздерімен көрген студенттердің әсері ерекше болды. Тарихи-мәдени орындарға әдеби танымдық саяхат сабақтың арқасында  Абайды танып білуге деген қызығушылықтары оянып. М.О.Әуезов жазған «Абай жолы»  4 томдық тарихи роман-эпопеясын өздері ғана  оқып  қоймай, жастар арасында кітап оқуға, соның ішінде Абайды оқуды насихаттайтын болып  тарасты. Саяхат сабақтың да мақсаты осы болатын.

Аудандық тілдер бөлімі ұйымдастырған «Сәтті жарнама» айлығы аясында. Колледж кітапханасында «Тіл тірек» кітап көрмесі қойылып, «Қазақ тіліндегі жарнама» тақырыбында тәрбие сағаты болып өтті.

Колледж кітапханашысы Шеризатқызы Жанна «Тіл тірек» кітап көрмесін таныстырғанда әр кітапқа тоқталып, авторы кім не туралы жазылған, жазғандағы мақсаты қандай, оқырманға берері не? - деген көкейінде туындайтын көп сұраққа толық көлемде мағұлымат беріп. Қойылған көрменің маңызын аша отырып, кітапты көп оқуға шақырды.

Колледж студенттердің көптеген әдеби байқауларға қатысуына өз үлесін қосады.

Студенттердің ғылыми жобалардағы жетістіктері.