Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі Тұрғали Дәурен Қуанышберұлы және Абай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Төлеуғали Дархан Ерғалиұлы Қазақстан еліміз бойынша жүргізіліп жатқан "Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі" айлығы аясында және "Жаңа жыл" мерекесін мерекелеу кезіндегі қауіпсіздікті сақтау тақырыптарында Қарауыл ауылында орналасқан "Абай колледжі" КММ қызметкерлері мен студенттеріне әр түрлі төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, әр түрлі сұрақтарға жауаптар қайтарды.