Еңбек күні 2013 жылы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді.
Еңбек күні аясында еліміздің көптеген өңірлерінде спорттық шаралар, жаппай жаттығулар, марафондар және басқа да жарыстар ұйымдастырылады. Спорт пен еңбекқорлықтың ортақ мәні – тәртіп пен табандылықтың арқасында жетістікке жету. Спорттық жарыстар еңбеккерлерді ынталандыруға, ұжымдық рухты арттыруға және салауатты өмір салтын дәріптеуге ықпал етеді.
Колледж ұжымы мен студенттерінің жақсы көретін спорт түрінің бірі – футболдан жарыс өтті.
Бір мекемеде еңбек ететін жігіттер бірнеше топқа бөлініп, өзара жарыс көрігін қыздырып, жақсы ойын көрсетті. Әр топ ойыншылары намысты қолдан бермеуге тырысып-ақ бақты. Оның үстіне әлем чемпионатын көріп рухтанған жігіттер дәл пастар беріп, әдемі голдар соғып жатты. Бес топқа бөлінсе де бір ұжым емес пе, ойын алаңында қарсылас болса да бір жағадан бас шығарып, жарысты өте ұйымшылдықпен өткізді.
Жеңімпаз командалар арнайы диплом және сыйлықтармен марапатталды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/zhanaly-tar/213-e-bek-k-ni-2013-zhyly-aza-stan-respublikasyny-prezidentini-zharly-ymen-engizildi.html#sigFreeIdbec319149d







