2024 жылғы 11 желтоқсанда Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті Абай және Шығыс Қазақстан облысының ветеринария мамандығы бойынша колледж студенттері арасында студенттік пәндік олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мазмұны бойынша
1 тур - тестілеу: қатысушылар тестті жеке орындады.
2 тур - қолданбалы және ситуациялық есептерді шешу: қатысушылар теориялық білімді, логикалық ойлауды және оңтайлы шешімдерді таба білуді талап ететін нақты немесе шындыққа жақын есептермен жұмыс істеді (анатомия, гигиена, всэ, паразитология).
Қорытындысында Абай колледжі студенттері Өміржанов Мансұр жүлделі 3 орын, Бақытбекқызы Армангүл жүлделі 1 орындарды иеленді, жетекшісі Алмас Сарқытханұлы арнайы Дипломмен марапатталды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/zhanaly-tar/259-veterinariya-mamandy-y-bojynsha-oblysty-olimpiada.html#sigFreeId9849d10b2c







