Биыл елімізде Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланды.

Осы тұста “Абай колледжі” КММ ұйымдастыруымен «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында «Ашық есік» күні өтіп, оған аудан және ауыл мектептерінің бітіруші түлектері мен кәсіптік бағдар беру педагогтары қатысты.

Бұл шараның мақсаты - студенттерге жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын түсіндіру, осы саладағы мүмкіндіктер мен жетістіктерді көрсету, сондай-ақ, жастарды кәсіби білім алуға және нақты өндірістік дағдыларды меңгеруге ынталандыру болды.

Алдымен 6 түрлі мамандық бойынша заманауи, техникалық құрал-жабдықтардың көрмесі өтті.

Көрмедегі стендтер мен мен демонстрацияларды қарап, колледж студенттерінің жетістіктері мен мен олардың тәжірибелік дағдыларына келген қонақтар жоғары бағасын берді.

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізілген ашық есік күні жастардың білімі мен дағдыларын жетілдіруге, мамандық таңдауда дұрыс бағыт ұстануға мүмкіндік береді.