2025 жылдың 20 наурызында «WorldSkills Abai - 2025» өңірлік чемпионаты аясында «Болашақтың негізгі құзыреттері» тақырыбында форсайт - семинар өтті. Семинар құрылыс саласының жетекші мамандарын жинап, еңбек нарығында табысты жұмыс істей алатын болашақ мамандарды даярлауда маңызды шараға айналды.
Семинардың мақсаты: негізгі құзыреттерді талқылап, қатысушыларды «WorldSkills Abai - 2025» өңірлік чемпионатына дайындау.
Негізгі талқыланған тақырыптар:
- Жаңа технологиялардың сұранысқа ие мамандықтарға әсері.
- Болашақ еңбек нарығында сұранысқа ие дағдыларды дамыту жолдары.
- Болашақта WorldSkills стандарттарына сай мамандарды даярлау мен білім беру.
Семинар қорытындысында қатысушылар тапсырмаларды талқылап, түзетулер енгізді және негізгі сарапшылар мен негізгі сарапшылардың орынбасарлары сайланды.
https://abay-kolledj24.edu.kz/kz/zhanaly-tar/283-forsajt-seminar.html#sigFreeId092c90f571







