Бұл жәрмеңкеде колледж түлектері үшін көптеген жұмысқа орналасу мүмкіндіктері ұсынылды. Аудандық Мансап орталығы, аудандық “Атамекен” кәсіпкерлер палатасы және ШЖҚ «Риза» КМК, “Абай - Вет” ШЖҚ КМК, шаруа қожалықтары бірлесе ұйымдастыруымен өткізілген осындай шаралар жұмысшы мамандықтарды дамытуға, жұмыссыздықты азайтуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша халықты ақпараттандыруға бағытталған. Бұл бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі еңбек нарығында маңызды шара болып табылады.
Жәрмеңкеде түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің бос жұмыс орындарын ұсынды. Бұл жұмыс орындары өз ішінде құрылыс, ауыл шаруашылығы, өндіріс және басқа да салаларды қамтыды.
Жәрмеңке барысында колледж түлектері Дәнекерлеу жұмыстары бойынша өз шеберліктерін көрсетті.