2025 жылдың 20 мамырында Worldskills Abai 2025 жұмысшы мамандықтары чемпионатының жабылу салтанаты өтті. Чемпионатқа Абай колледжінің командасы 4 құзырет бойынша қатысты. Чемпионат қорытындысы: «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша Бақытбекқызы Армангүл 3 ші - орын алды, жетекшісі Сарқытханұлы Алмас. «Ағаш ұсталық ісі» құзыреттілігі бойынша Айдынұлы Әли 2ші орын алды, жетекшісі Әйтікенов Еркебұлан. «Құрғақ сылақ» құзыреттілігі бойынша Тілеуғазин Дамир 3 ші орын алды, жетекшісі Қырқымбаев Ержан.